Пікір

Салық мөлшеріне сақтық қажет

Қазбек ӘЛІШЕВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен, бизнес өкілдерімен өткен кездесуде Үкіметтің қосымша құн салығы мөлшерлемесі жоғары екенін айтты. Қоғамда құн салығына қатысты мәселе қызу талқыланып жатқаны мәлім. Сондықтан осындай мәселелерді депутаттармен, сарапшылармен, бизнес өкілдерімен талқылап, нақты есептеулер негізінде шешім шығару керектігін жеткізді. Жалпы, қосымша құн салығы мөлшерлемесі бизнеске кедергі келтірмей, экономиканың тұтастығын сақтап, бюджет кірісін оңтайлы толықтыруы қажет. Президент Үкіметке айтылған ұсыныстарды ескере отырып, әділ әрі ең дұрыс шешім қабылдау қажет екенін тапсырды. Бұған бір жылдай уақыт берді. Басқосуда ел үшін тиімді шарттарды ұзарту, бюджетаралық қатынастарды же¬тіл¬діру, бар¬лық деңгейдегі бюджет арасында мемлекеттік қара¬жат¬ты тиімді бөлу, экономиканы одан әрі әртараптандыру (туризм, халықаралық авиация хабы, сонымен қатар жалпы көлік пен логис¬тиканы дамыту) тәрізді мәселелер де жан-жақ¬ты қаралды. Сонымен қатар елімізге субсидиялау механизмін қолдану арқылы екінші деңгейлі банктерге экономика саласына қаржы тартуды тапсырды. Осы уақытқа дейін екінші деңгейлі банктер мемлекет тарапынан 1,5 триллион теңге көлемінде көмек тағайындалғаны аталды. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласына қаржы жетіспеушілігі байқалады. Екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығы саласын қолжетімді қаражатпен қамтамасыз етсе, саланың даму қарқыны өсетіні сөзсіз. Осындай күрделі мәселелердің күрмеуі шешілсе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының тағы бір маңызды қадамы орындалар еді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button