Пікір

Бизнесті қолдау және кәсіпкерлер үлесі

Ерлан ТІЛЕУҚАБЫЛОВ,

«Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС директоры

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлік саласын дамытудың басымдықтарына тоқталды.

«Ірі бизнес болмаса Қазақстан экономикасының әлеуетін толық ашу мүмкін емес. Бізге экономиканың дамуын жаңа деңгейге көтеру үшін инфрақұрылым, индустрия, цифрландыру және басқа да салаларда серпінді әрі ауқымды жобалар қажет», — деді Президент.

Шынында да, соңғы жылдары елімізде, оның ішінде өңірімізде бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, облыста шағын және орта бизнес саласында кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2 мыңға жуық жоба мақұлданды.

Облыстың экономикасына бүгінде «Зерде-Керамика Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де өз үлесін қосуда. Зауыт жылына 5 миллион шаршы метр өнім өндіреді. Мұнда шығарылатын керамогранит Қазақстанның батыс өңірлерінің сұранысын толығымен өтеп келеді. Сонымен қатар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь елдеріне де экспортталады.

Өткен жылдары зауытқа «Өндірісті дамыту қоры» акционерлік қоғамынан қолжетімді пайызбен несие беріліп, қондырғылар сатып алу үшін қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда зауыт қарқынды жұмыс жасап, жүздеген адамды жұмыспен қамтып отыр.

Біз ел экономикасын көтеруге және өңірдегі бизнес саласын дамытуға өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button