Мәрлен ҒИЛЫМХАН

Жуырда батыс қазақстандық жас ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мәрлен Ғилымханның «Төбелер стихиясы» атты тұңғыш кітабы жарыққа шықты. Бұл кітап Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе жүзеге асырған «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы бойынша жазылған. Жинаққа Ақтөбе өңірінің арғы-бергі тарихына, белгілі тұлғаларының өмір жолына, бүгінгі тыныс-тіршілігіне қатысты өлең-жырлар, поэмалар енді.
Мәрлен Ғилымхан 1998 жылы Орал қаласында дүниеге келген. 2015-2019 жылдар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алған.
Өлеңдері республикалық басылымдарда, сайттарда жарияланып, бірнеше ұжымдық жинаққа енген. «Жусан» психологиялық драмасының авторы. Республикалық «Ұлы дала», «Семсер», «Тәуелсіздік толғауы» әдеби байқауларының, «Мен жастарға сенемін!» атты мүшәйраның жүлдегер-жеңімпазы.
Оқырмандарға «Төбелер стихиясы» кітабынан өлеңдер ұсындық:
ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫ
Ой-қиял—
қалықтаған қазбауыр бұлт.
Бұл маңнан тәуліктерін ыдыратып,
Жоғалабастағандайжаз да жылжып.
Ұғарма із кесудің мәнін адам?
Шашылған апталарды артқа тастап,
Мезгілден мен емеспе сәл ұзаған?!
Шабыттың жалмағандай оты бәрін,
Осында бұдан сансыз ғасыр бұрын,
Бәз біреу шаққан шығар шоқыға мұң.
Көліктер жосылғандай алай-бұлай,
Бір өрлеп,
Бір құлдилап,
Бір құлдырап,
Байыппен айналама қараймын-ай.
Кей-кейде адастырар үміт-шырақ,
Сөйлерме жота-қырат жұмбағы көп,
Ашарма құпиясын суық бұлақ?!
Тізілген тас төбелер қашықсынды,
Тар көпір тасасында шұрқыраған,
Жылқылар иірілген асық сынды.
Жалғаннан өз-өзімді тапқандаймын,
Шұбалған жолдың бойы—
Жасыл ағаш,
Орманды жарып келе жатқандаймын.
Тереңге бойлағандар ол жалы екен,
Аспаннан алып-алып тас түскенбе,
Шұңқырларқалайпайдаболғанекен?!
Тізілген тастөбелер қашық сынды,
Тағы бір жыл ішінде серуендеген,
Бір адам даласын ағашық сынды.
Мүлде өзге кеңістікте жүргендеймін,
Жармасып бұлдыраған бейнелерге,
Белгісіз ғасырларға сіңгендеймін.
ЖАРМОЛАДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ
1
…Күз болса, құс қайтады жайлауына,
Дұшпанның біздер түстік байлауына.
(Батақтың Сарысы)
Ызасын қазандай қайнатып,
Негізсіз жаламен шатылды.
Қызғаныш Сібірге айдатып,
Қызғаныш тереңге батырды.
Сол шақта ән салды ер Сары,
Сол шақта ер Сары төкті жыр.
Шайқалған сияқты жер шары,
Қозғаған сияқты көкті қыр.
Тереңге батырар қара түн,
Оны енді құсалы тосар күз.
Құс-өлең қаққанда қанатын,
Қайғыға батқанда Қосан қыз.
Жанардан мөп-мөлдір жас шығып,
Жар мола жігерінүгеді.
Талайретмаңдайынтасқаұрып,
Қараңғықапастатүнеді.
Түнекте көңілсіз күн өтті,
Жауыздар жазықсыз жазғырды:
Өлеңге байланған жүректі
Әуенге айналған тағдырды.
Қап-қара қабырға жан-жағы,
Жырлары тұншықты кеуде де.
Болмаса сөзінің салмағы,
Соншама жылады ел неге?!
Енді оны мың құшақ жылытпас,
Енді оның күні де қараңғы.
Сезімтал жүрегін жырыптас,
Суық сөз тағы да қадалды.
Жан емес жазадан қашатын,
Жазықсыз…
Сол үшін күйінді.
Сағыныш еңсені басатын,
Сағыныш бет-жүзін жиырды.
Жарыққа шықпады қаншама ән,
Қаншама ән кеудеде шулаған?!
Өзінің иесін аңсаған,
Тарлан ат тынымсыз тулаған.
Жасауыл қинауға құштарма,
Кезеніп тұрады қаруын.
…Жайлауға асыққан құстар да,
Есіне салғандай ауылын.
2
Қаншама асыл ер атылды,
Далада жабайы аңсынды?!
…Белгісіз бір әлем шақырды,
Көретін жарығы таусылды.
Қанша өлең қағазға түспеді,
Жоғалды көз жасы секілді?!
Ғайыпқа сіңуге күштеді,
Темірдей төзімі кетілді.
Түрмеде қабағы түйіліп,
Шабыттың кемесі күйреген.
Бақ астық қара бұлт үйіріп,
Содырлар сойылын сүйреген.
Қосыла алмайды Қосанға,
Үзгісі келмейді үмітін.
Сарының көңілі босарма,
Қутақтай үстінде күні-түн?!
Серінің жанары алаулап,
Аруды сүйгені айып па?!
Жасауыл жатқанда манаурап,
Қашады жүйткіген Жайыққа.
Зарлы әнін шырқауға құлшынып,
Домбыра даусына құмартты.
Бостандық көгіне ұмсынып,
Айдауда көздері мұнартты.
Өлеңін жүрекке жазады,
Сарының орныма абақты?!
…Әншіні өзінің қазағы,
Қараңғы қапасқа қаматты.
Әр талдың түбінде жатады,
Қысастық қылғанның қақпаны.
Батырдың жанына батады,
Қазақтың қазақты сатқаны.
Түсіне еніп те жүреді,
Ауылдың өшпеген оттары.
Ақынның жүрегін тіледі,
Қазақтың қазақты соттауы.
Сұсты еді қарулы қарауыл,
Ызғарда батыр да ызбарлы.
Айлалы жаулары ана бір,
Отыз-ақ жылды да қызғанды.
Жармола.
Жалғыздық.
Сал Сары,
Жүректі қинайды жыр тағы.
«…Жауыздық жалмады қаншаны,
Қазақты сатқындық құртады!»
ЖАН ІШІНДЕГІ ЖАНТАЛАС
Ертеде қазақ даласын борандар мен аңызақтар, жұт пен қасқырлар, сосын… аздаған қазақтар жайлайтын. Қазақтың даласы төбелерден тұратын. Әр төбенің баурайында тілін жалаңдатып, жұт жортатын. Әр төбенің ар жағынан қамшыдай суырылып шығып, боран ышқынатын. Әр төбенің астында қасқыр жататын.Сол көп төбелердің бірінің байқауында Отамалы деген қойшы өмір сүрген екен.
(Тобық Жармағамбетовтің «Отамалы» әңгімесінен)
Отамалы біраз күн,
Кезген жапан даланы.
Түнде тоңып-қалтырап,
Қай қыратқа барады?
Отамалы жалғанда,
Жалғыз қалған жан болар.
Неге сонша шошытты,
Қарқылдаған қарғалар?!
Ұйытқиды ақ боран,
Түн де кенет түнерді.
Баласы жоқ…
жары жоқ,
Жылытады кім енді?!
Қатал байдың бұйрығы,
Бостандығын тұсап па?
Мейірімге ол зәру,
Зәру жылы құшаққа.
Сырласатын итімен
Қарлығаштай құс күнде.
Долы желден қорғайтын
Киімі жоқ үстінде.
Боран оны қорқытты,
Боран оны тоңдырды.
Белгісіздеу ол қанша
Шақырымдай жол жүрді.
Отамалы ес жиып,
Адымдады қайтадан.
Боран—
Ашу сияқты
Айналасын жайпаған.
Көрінбейді ештеңе,
Келешегін ойлады.
Уақыт өте біртіндеп,
Азаюда қойлары.
Айналасы—
қараңғы,
Айналасы—
буалдыр.
Бұл да ұлыТәңірдің
Сын-сынағы шығар бір.
Шақыр айып күн көзі,
Кейде адамды алдатар.
Бір адамның қатесі—
Бір адамды зарлатар.
Лашығына жетер ме,
Оны жойқын жел білер.
Қозыны үсік шалғанда,
Қапалана бердіме ер?!
Адастырған желеді,
Адастырған жол еді.
Отамалы ғұмыры
Тауқыметке толы еді.
Қалшылдады қолдары,
Жанарында жас тұрды.
Маң далада жан бағып,
Жазым қылды қасқырды.
Отамалы құлады,
Кім бар оны құтқарған?
Боран—
Сәттер сияқты,
Санаға ауыр жүк болған.
Отамалы секілді,
Мен де адасып…
жынданам.
Әр адамның ішінде
Бар екен-ау бір боран…
Қалтыраған қой-қозы,
Ыдыраған ойлардай.
Тағдыр оған қой шыдай,
Мені байлап қойғандай.
Дүлей боран,
Ақ боран,
Жан ішінде бар әлі.
Отамалы сияқты
Адастыра алады.
Дүлей боран,
Ақ боран,
Ұнатады қайғыны.
Отамалы сияқты
Құлатады қай күні?!
АҚТАРЫЛУ
Естіадамныңтүбіне
Ұмытаалмаужетеді…
(МейірханАқдәулетұлы)
Естеліктер жайында
Ойланғанда күрмелдім.
Көлеңкелі күндерден
Кілең солған гүл көрдім.
Қай биікке шығамын,
Бір орыннан қозғалмай?
Қуыстарын кеудемнің
Кезіп жүрген сөз бардай.
Түндер мені қара-сұр,
Тұтқын қылып қойғандай.
Жылдар бойы жамырап,
Жүр соңымнан ой қалмай.
Еске алумен өткенді,
Атты өмірдің әр таңы.
Санадағы сұлбалар
Артқа қарай тартады.
Адамдардан қаштым мен,
Шықпай қояр басымнан?!
Келмес күндер елесі,
Алшақтамас қасымнан.
Пенделердің жанында,
Сол себепті жоқпынғой.
Өзім жалғыз болғанмен,
Жан ішінде—
көппін ғой.
Жан ішінде —
қайғырдым,
Жан ішінде —
күлдім мен.
…Несіне өткен өмірді,
Ұмыта алмай жүрмін мен?!
ТАЗАЛЫҚ
Жанна Елеусізге
Сіз қайдасыз?!
Сіз тап-таза,
тұп-тұнық,
өлең атты әлемде,
өлең оты,
өлең жаны бар елде…
жүргендейсіз…
Мүлде бөлек ғаламда,
Мүлде бөлек ғаламда,
Нұр себелеп
бүкіл мына Жер планетасындағы адамға…
Мынау алып әлемде,
Тазалықтың бар екенін дәлелдеп,
оңашада,
жалғыздықта,
өзіңіз…
Кіл шуақты,
кіл қуатты сөзіңіз…
шартарапқа шашылатындай,
Солардан
адам біткен өзін құрап алуға асығатындай.
Сіз қайдасыз?!
Қол созыңыз қаламға…
Мынау алып ғаламда,
Мынау алып әлемде,
Тазалықтың бар екенін дәлелдеп…