Жаңалықтар

Жаңаталапта шағын маркет ашылды

Қобда ауданыныңЖаңаталап елдімекенінде «Шабыт» шағын маркеті ашылды. Жаңа дүкеннің ашылу салтанатына аудан әкімі  Ізгілік Тынымгереев қатысып, ауыл тұрғындарына және дүкен иесі Дина Қарымсақоваға жылы лебізін білдірді.

Жаңаталап ауылының жергілікті тұрғындарынаазық-түлік өнімдері және тұрмыстық қажетті тауарлар сатылатын шағын маркет ашылды. Алдымен аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

— Бұл жоба мемлекеттік қолдау мен ауылдық жерлерде шағын бизнестің белсенді дамуының арқасында жүзеге асып отыр. Жыл сайын ауданымызда жаңа жобалар жүзеге асып келеді. Бүгін, міне, тағы бір кәсіпкерлік нысан жұмысын бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің дамуына айрықша мән беріп, кәсіпкерлерге ерекше қолдау көрсетіп келеді. Осыған орай «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы мен «Ауыл аманаты» жобалары нәтижесін беріп, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобалар халықтың әл-ауқатын арттыруға сеп болып отыр, — деген әкім дүкен иесі мен ауыл тұрғындарына сәттілік тіледі.

Кәсіпкер алғашында жеке үй салып, бау-бақша егуді көздеген. Алайда ауылдастары азық-түлік, тұрмыстық құрал-жабдықтар сататын нысан салуға ұсыныс білдіріпті. Жеке жер телімін пайдалы мақсатта жүзеге асырған кәсіпкерге ауылдастары дән риза. Бүгінде шағын маркетте екі сатушы, бір кіші қызметкер жұмыс істейді. Алдағы уақытта жұмысын кеңейтіп, қосымша жұмысшы алуды көздеп отыр.

Айта кетейік, аудан орталығынан 30 шақырым жерде орналасқан елдімекенде шамамен 300 адам тұрады.

А.АЛТЫБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button