Жаңалықтар

Журналистің жинағы

Жаңа кітап

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Марат Мырзалының есімі көпшілікке етене таныс. Облыс журналистикасына, оның ішінде аудандық «Ырғыз» газетіне еңбегі сіңген ел ағасының жақында жаңа туындысы жарыққа шықты.

Кейінгі жылдарда Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесін басқарып, зейнет демалысына шыққан әріптесіміз жыл басында аудандық газет редакциясына соқты.

Қашанда ұқыптылық пен сыпайылықты сақтай білетін ардагер әріптесіміз зейнет демалысына шыққанын айтып, келешектегі жоспарларымен бөлісті.

Жыл басындағы жағымды жаңалығы 40 жылдан астам журналистика саласында атқарған жемісті қызметі мен жазбаларын жинақтап, «Қалғымаған қаламұш»атты қомақты кітабын шығарған. Туынды кітабын орталық кітапханаға, аудандық музейге тапсырыпты.

Мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер топтастырылған жинақта қоғамның тынысы баяндалады.

Руслан Жарқынұлы,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button