Әкелер бас қосқан кеш

Мектеп
Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектепте кітапханашы М.Жұмабаеваның ұйымдастыруымен «Тәрбиелі ұл — абыройлы әке» тақырыбында танымдық шара өтті.
Шараға Кеңес Нокин Мәдениет үйінде орналасқан №12 кітапхана меңгерушісі Ж.Садық, мектеп оқушыларының аталары мен әкелері шақырылды.
Басқосуда кітап оқу арқылы рухани дүниетанымды арттыру мәселесі қозғалды. Әкелер өзара топтаса отырып, түрлі әдеби-танымдық ойындарға қатысып, сұрақтарға жауап берді. Ертегілер желісі бойынша мәтін құрастырып айтты. Иллюстрациялық суреттерден шығарма атауларын құрады.
Шара соңында мектеп психологі Н.Сатыбалдина әкелерге арналған тренинг ұйымдастырды.
Жалпы, шара қызықты өтті, әкелер белсенділік танытып, оқушылар бір серпіліп қалды.
Н.ЖАЙТУҒАНОВА,
№65 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Ақтөбе қаласы.