Әлеумет

Қымбатты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

45-жылдың мамыры жылыстап бізден алыстап барады, бірақ халықтың ұлы ерлігінің маңызы төмендемек емес.

Біз бүгін ардагерлерімізге шексіз алғысымызды білдіріп, бас иеміз. Олар соншама адам шығыны, төгілген қан мен көрген азаптары арқылы рухтың қайыспас күшін танытты, жеңілген жаудың үстінен Жеңіс туын желбіретті. Бұл жеңімпаз ұрпақтың даңқты ерлігі болды және жоғары әскери ерен ерліктің, жасымас жігердің, ұлы рухтың, фашизмді талқандау жеңісі, Отанымыздың еркіндігі мен тәуелсіздігі жолындағы біздің көп ұлтты халқымыздың рухани ұлылығының және ажырамас бірлігінің жарқын үлгісі болып қала береді.

Біз бұл ұлы мерекені әрқашан құрметтейміз, жауынгер ұрпақ салып кеткен  дәстүрді жалғастыра береміз. Сіздердің ізбасарларыңыз болу – тек жоғары құрмет қана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік.

Еліміз үшін ең ауыр кезеңдегі сіздердің өшпес жауынгерлік және еңбектегі ерліктеріңіз үшін, батырлық, өрліктеріңіз үшін шын жүректен шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.

Сіздерге қамқорлық жасап, көңіл аударуымыз, сіздердің өмірлеріңіздің тыныш та қуанышты болуы үшін барлық жағдайды жасау – біздің перзенттік парызымыз.

Біз үшін Жеңіс күні – орны толмас шығындар туралы азапты жағдайдан шыққан адамзаттық қуаныш, көз жасы және жан жарасы бар мереке.

Бұл күндері біз сіздермен бірге қаза болған жауынгерлерді және қатарымызда жоқтарды аза тұтамыз.

Аза жарқын болсын, қарапайым солдаттар құтқарған Жер бетіндегі бейбітшілік пен өмір үшін күрескен халық тірі тұрғанда еске алу жалғаса береді.

Бүгінгі көктемгі күндер майдандастардың, туған-туыстардың және қымбатты адамдардың қуанышты кездесулерімен толыға берсін, жаңа өмірлік күш-жігер сыйласын.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, сенімділік, биік рух, сәттілік және бейбіт аспан тілеймін.

Сіздерге бас иеміз, қымбатты ардагерлер!

Құрметпен, облыс әкімі

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button