Жеңіс

Александр Мамедович АЛИЕВ

(1922-1984)

Өшпес ерлік

 1922 жылы 23 шілдеде Сталинград облысында (Ресей) туған. Бала кезінде ата-анасымен бірге Ақтөбеге көшіп келді.  Ұлты — лезгин. Қызыл әскер қатарына 1943 жылы шақырылды. 1944 жылдың 20 маусымында қатардағы гвардияшы А.Алиев Свирь өзені үшін болған ұрыста жекпе-жек айқасқа бірінші болып шығып, жаудың бес солдатын сұлатып салды, жан аямай соғысты. Осы кезде дивизияның негізгі күші салға, балықшылар қайығына, бөренеге отырып, өзеннен өтіп жатты. Гвардия қызыл әскері А.Алиевке 1944 жылғы 21 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен, «Ерлігі үшін», т.б. медальдармен марапатталған. Соғыстан соң Астрахан қаласында (Ресей) тұрды.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button