Құқық

Сұрақ-жауап

Сауалдарыңызға облыстық соттың бас маманы Серік Жолдыбай жауап береді

Қандай көлікке салық салынбайды?

— Өндірістік кооператив өз үлестерін біріктірген жеке тұлғалардан құралған. Үлесіміз біріктірілгеннен кейін кеңшар тарағанда тарату комиссиясынан автокөлік, трактор сатып алдық. Заңда ауыл шаруашылығында реформа жүруіне байланысты кезінде пайға алған автокөлікке салынатын салық алынып тасталды делінген. Осыған байланысты сұрайын дегенім – осы күнгі қолымыздағы автокөліктерге салық салына ма, жоқ па?

Аманжол ИМАНҒАЗЫҰЛЫ,

Ойыл ауданы, Сарбие ауылының тұрғыны.

ҚР Салық кодексінің 365-бабына сәйкес, жалпы меншiк құқығында, меншiк құқығында өзiнiң мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және қайта өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын мынадай көлiк құралдары бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер:

двигателiнiң көлемi 2500 текше см дейiнгiнi қоса алғанда, бiр жеңiл автомобиль;

двигателiнiң жиынтық қуаты 1000 га егiстiкке 1000 кВт мөлшерiндегi жүк автомобильдерi;

өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер:

сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;

ветеринария қызметiнiң автомобильдерi;

автозообиологиялық зертханалар;

автожемтасығыштар;

автотиеуiштер;

дән сепкiштерге автоқұйғыштар;

тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар;

ұшақтарға минералды тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер;

тең штабельдерiн автотасымалдауыштар;

автоулыжемшашқыш;

пәлекжинағыш машиналар;

а/ш АН-2 әуе кемесi;

өздiгiнен жүретiн дестелегiштер;

астық жинағыш комбайндар;

доңғалақты тракторлар, өздiгiнен жүретiн шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;

мал азығын жинағыш комбайндар;

ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар;

өздiгiнен жүретiн шөп шапқыштар;

маялағыштар;

жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн жинауға арналған);

мемлекеттiк мекемелер;

салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейiнгi аралықта кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;

салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қаhарманы» атағына ие болған, «Даңқ» орденiнiң үш дәрежесiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.

Сауалдарыңызды редакцияға хатпен жолдауларыңызға болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button