Ауыл

Пошта бөлімшесінің жана қонысы

Қарғалы

Өткен аптада Желтау селолық округіне қарасты екі мыңнан астам тұрғыны бар Петропавловка ауылы «Қазпошта» АҚ сыйға тартқан үр жаңа ғимараттың ашылу рәсімін тойлады.

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Балғали Ордабаев арнайы келіп, жаңа пошта бөлімінің атқарар жұмыстарын айта келе, ауылдық пошта бөлімінің меңгерушісі Лидия Лифенкоға ескерткіш кілтті тапсырып, оның тар бөлмеде 16 жыл аз жалақымен еңбек еткен төзімділігіне ризашылық білдірді.

Аудан әкімі М.Жұмағазиев дағдарысқа қарамай, талапқа сай жаңа шағын бөлімше ғимаратын тұрғындар қажетіне жаратуға беріп отырған «Қазпошта» АҚ директорына алғысын айтып, ауылдықтарды құттықтады.

Ауылдың әкімі И.Кенжин ауылдастары атынан қуанышын жеткізіп, баспасөзге жазылып, пошташылар еңбегіне үлес қосатындықтарын айтты.

Аудандық «Қазпошта» меңгерушісі пошта саласындағы облыстағы үздік жанның бірі Р.Иштаева пошта саласында өзі жұмыс істегелі мұндай жаңа ғимаратқа көшкені бірінші рет екенін айтып, ризашылығын білдірді.

Лента қиылып, шашу шашылды. Жаңа ғимаратқа енген тұрғындар, ырым етіп газет-журналдарға жазылды. Ауыл ақсақалының ақ батасы, мектеп оқушыларының ән-биіне ұласты.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button