Қазақстан-Ресей —стратегиялық серіктес, сенімді одақтас
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайынан қарсы алды.
Ресей делегациясын күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді.
Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде
əуежайда балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті жəне Владимир Путин бастаған Ресей делегациясына ілтипат білдіріп, өлең оқыды. Бұдан кейін кəсіби суретші
Əсел Сабыржанқызы Владимир Путин Астанаға ұшқан сəтте сала бастаған
Картинасын таныстырды. Ол сондай-ақ мемлекеттер басшыларына полотноны
Жазуға үлес қосуды ұсынды. Картина Ресей Президентіне сапар соңында сыйға
тартылады.
Бұдан кейін елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рəсімі өтті. Онда Президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің Әнұрандары орындалды.
Салтанатты рəсімнен кейін Қасым ЖомартТоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Мемлекет басшысы Қазақстанға сапармен келуге шақыруын қабылалғаны үшін Владимир Путинге алғыс айтты.
—Бұл стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа берік негізделген мемлекетаралық қарым-қатынасымыздағы өте маңызды оқиға екені сөзсіз. Сіздің қазақстандық ақпарат құралдарында жарияланған бүгінгі мақалаңызды мұқият оқып шықтым. Ал менің мақалам Ресей баспасөзінде жарияланды. Біз болашаққа бағытталған екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі көшелі ойларымызды жан-жақты жеткіздік. Өз мақаламда Қазақстан осындай күрделі кезеңде Ресейдің сенімді стратегиялық серіктесіәрі одақтасы екенін және алдағыуақытта да бұл бағыттан айнымайтынын атап өттім,—деді Қазақстан Президенті.
Қасым-ЖомартТоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей екіжақты серіктестіктің оң қарқынын сақтап қана қоймай, оны еселей түскен.
Ресей Президенті Владимир Путин қазақ жерінде көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін Қасым-ЖомартТоқаевқа алғыс айтты.
– Сізге зор ризашылығымды білдіремін. Біз достас елдерміз. Қарқынды дамып келе жатқан іскерлік қарым-қатынасты да қолдаймыз. Ұдайы байланыстамыз. Өзіңізді жыл соңында Санкт-Петербургте өтетін ТМД аясындағы бейресми кездесуде күтемін. Сондай-ақ ҰлыЖеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға шақырамын. Бұл—біздің ортақ жеңісіміз,—деді Владимир Путин.
Ресей Президенті екіжақты байланыстардың қарқынын жоғары бағалап, мемлекеттік сапарының мәні мен маңызына тоқталды.
—Бүгінгі келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданады. Олардың қатарында бірлескен мәлімдеме және түрлі саладағы ықпалдастығымызға қатысты құжаттар бар. Ресей Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесінің бірі болып қала береді. Сауда айналымы өсті, былтыр оның көлемі 28,5 миллиард долларға жетті. Қазақстан экономикасына құйылған инвестиция 13 миллиард долларға жетті. Әрине, біз азаматтық қоғам, білім, ғылым және мәдениет бағытында дамып кележ атқан гуманитарлық байланыстарымызды бағалаймыз. Бұл тұрғыда Ресейде білім алатын шетелдік студенттердің басым бөлігі қазақстандық жастар екенін айтсақ жеткілікті. Аймақаралық ынтымақтастық та табысты өрбіп келеді. Бүгін Уфада кезекті іс-шара өтіп жатыр. Сізге Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын дамытуға ерекше назар аударғаныңыз үші налғыс айтамын. Біз Қазақстан Президентінің осынау маңызды жұмыстарға әрдайым ықылас қойып отыратынын жақсы сезінеміз. Қазақстанды адал досымыз және жақын одақтасымыз деп танимыз,—деді Ресей Президенті.
Келіссөз барысында мемлекет басшылары өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі, энергия ресурстарының тасымалы, машина жасау, көлік-логистика, қаржы, экология, су саясаты, білім беру, ғылымжәнемәдени-гуманитарлықсалалардағыықпалдастықтыдамытуперспективасынталқылады.
Одан әрі екі елдің Президенті кеңейтілгенқұрамдакеліссөзжүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық байланыстарының қазіргі жай-күйіне назар аударды.
Президенттің айтуынша, өзара сауда-саттық үздіксіз дамуда, таяу уақытта екіжақты тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін жеткізуге мол мүмкіндік бар. Инвестиция саласында да оң үрдіс байқалады.
— Бүгінде жалпы инвестиция көлемі 18,3 миллиард доллар болатын 93 бірлескен жоба жүзеге асты. Соның нәтижесінде Қазақстанда 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта шамамен құны 29,5 миллиард доллар болатын және 20 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 49 жобаны қолға алуды жоспарлап отырмыз,— деді Қазақстан Президенті.
Өз кезегінде Владимир Путин Мәскеу мен Астана арасындағы ықпалдастық барлық бағыт бойынша белсенді өрбіп келе жатқанын мәлімдеді.
— Қазақстан — біздің стратегиялық серіктесіміз және сенімді одақтасымыз. Шағын құрамдағы келіссөз барысында екіжақты байланыстар аясында туындайтын проблемаларға назар аудардық. Ең бастысы, барлық сауалдың жауабын табуға ортақ ұмтылыс бар. Мен екі ел арасында шешілмейтін түйткіл жоқ екенін жақсы білемін. Ал мұндай ниеттестік үлкен жетістіктерге ұласады. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан толайым табыстарға қол жеткізді. Біз бұған қуаныштымыз. Өйткен іекіжақты ынтымақтастық тың ауқымы артып келеді. Қазіргідей қиындықтарға қарамастан, ықпалдастығымыз кеңеюде әрі қос тарапқа да тиімді,—деді Ресей Президенті.
Келіссөз барысында сауда-экономика, көлік-логистика, отын-энергетика, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бейнебайланыс арқылы Қазақстан-Ресей ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі.
Қазақстан Президенті жиын қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, 20 жыл ішінде аталған форумның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтатын тиімді алаңға айналғанын атап өтті. Екі елдің түрлі саладағы ықпалдастығының негізгі бағыттарына тоқталды. Президенттің пікірінше, Қазақстан мен Ресейдің отын-энергетика саласындағы ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге әлеуетті, сондай-ақ екі ел үшін бүкіл Еуразия кеңістігіндегі көлік-логистика құрылымын нығайтудың стратегиялық мәні зор екенін, бұл орайда елімізде 2030 жылға дейін 11 мың шақырым жол жөнделіп, 5 мың шақырымнан асатын жаңа теміржол салу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен күш-жігер тараптардың қазіргі сын-қатерлерге бейімделіп, екі ел экономикасының орнықты өсіміне берік негіз қалайтынын жеткізді.
Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалын ресми түрде ашу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысты.
Салтанатты іс-шарада Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Ресейдің Жоғары білім және ғылым министрінің орынбасары Константин Могилевский екі ел арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық жөнінде айтып берді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады.
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапарын екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуындағы маңызды кезеңге жол ашатын тарихи оқиға деп атады.
Өз кезегінде Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы шақырғаны және қазақ жерінде көрсеткен сый-құрметі үшін алғыс айтып, сапар барысында жүргізілген келіссөздер Ресей мен Қазақстанның көпжақты ынтымақтастығын одан әрі дамытуға нақты ықпал ететінін жеткізді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.
akorda.kz.