АЭС

АЭС салуда жоғары технологияларды қолдану керек

Ақнұр ӘЛІПБАЕВА,
Ырғыз-Торғай резерватының өсімдіктер мен жануарлар
дүниесін қалпына келтіру бөлімінің бас маманы.
Биылғы Жолдауында Президентіміз еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру, энергия тапшылығы мәселесіне ерекше тоқталды. 6 қазанда атом электр станциясын салуға байланысты жалпыхалықтық референдум өтетіндігін айтты.
Атом электр станциясын салуға байланысты қазір елімізде білікті сарапшылар,
аталған саланы зерттеп жүрген ғалымдар ой-пікірлерін білдіруде.
Атом энергетикасы саласындағы еуропалық сарапшылардың пікірінше, Қазақстан АЭС салуды жоспарласа, ең алдымен, экологиялық әрі қауіпсіздік стандарттарына сай келетін жоғары технологияларды қолдануға тиіс.
Жалпы қауіпсіздік мәселесі қазіргі кезде халық арасында қызу талқыланып жатыр. Жобаны қолдайтындар да, оны сынап жатқандар да жетерлік. Дегенмен атом электр станциясын салу бүгінгі күннің талабы екенін түсінгеніміз жөн. Кейбір сарапшылардың болжамына сүйенсек, еліміздегі газ бен мұнайдың қоры 60-100 жылға жетеді екен, ал әрі қарай қалай күн көреміз? Осы тұста атом энергетикасын дамытуға назар аударған дұрыс сияқты. Алдағы уақытта бұл мәселенің нақты шешімі референдум аясында белгілі болады. Ендеше, саяси науқанға белсенді түрде атсалысайық!

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button