Жаңалықтар

Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Облыс әкімі Асхат Шахаров жөнделіп жатқан жол учаскелерін қарап шықты. 

Ғазиза Жұбанова көшесінің бойында ұзындығы 2,8 шақырымды құрайтын асфальт төселіп жатыр. Жолды реконструкциялап жатқан – «Прогресс KZ» ЖШС мердігерлік ұйымы. Жөндеу жұмыстары тек жаңа асфальт төсеу ғана емес, сонымен қатар жол жиектерін, тротуар, веложол, жарықтандыруды да қамтиды. Жобаның құны – 4 367,1 млн. теңге. 

«Бұл жол Сәңкібай батыр даңғылы мен Алтын Ордадағы Тәуелсіздік көшесін байланыстырады. Учаскедегі жұмыстарды тезірек аяқтап, Тәуелсіздік көшесі арқылы өтетін жолды ашу керек. Сонда біз Әлия Молдағұлова даңғылындағы көлік ағынын азайта аламыз», – деді әкім мердігерге жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. 

Төменгі Құрайлыда да жол жөндеу жұмыстары қарқынды. «Universal 3Q» ЖШС мердігерлік ұйымы осы тұрғын алабындағы Абай және Ақтөбе көшелеріндегі екі жолды жөндейді. Жобалар – ауыспалы. Келесі жыла да мердігер жаңа асфальт төсеп, арықтарды жабдықтап, жарықтандыруды жүргізуге міндетті. Жобалардың құны 272 млн. теңгені құрады. 

Мердігер ұйымдардың басшыларымен жүздескен өңір басшысы жолдар халықтың жайлы өмірінің негізі екенін алға тартып, сапаға мән беруді қадап айтты. Әрбір жол тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы керек. 

Әрі қарай Асхат Шахаров Құрайлы тұрғын алабындағы арқалықты кеңейту жұмыстарын қарап шықты. «ZNS GROUP» ЖШС ұзындығы 2,1 шақырым су өткізу арнасы салынуда. Оның қауқары секундына 10 текше метрді құрайды. Арна арқылы еріген қар суы өтеді және жақын маңдағы тұрғын алаптарынан су тасқынынан қорғамақ. 

Облыс әкімі сондай-ақ жұмыс қарқынын жеделдетуді және оларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қаланы аралау кезінде облыс әкімі Жаңақоныс тұрғын алабындағы Ақтөбе медициналық орталығына да барды. Медициналық мекемедегі жылумен жабдықтау жүйесі күрделі жөндеуден өткізілуде. Әкім атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, мердігер ұйымға жылыту маусымы басталғанға дейін жұмыстарды аяқтауды тапсырды. 

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button