АЭС

Тәуелсіз жарық көзі қажет

Динара ҚҰРБАЕВА, Тереңсай орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі, Әйтеке би ауданы:
— Қазіргі кезде адамзат қоғамының өмірін энергиясыз елестету мүмкін емес. Кеш бата бәріміз электр жарығымен өмір сүреміз, үйдегі көптеген электр құралдары, демалыс орындары, бүкіл өндіріс, өнімдерді өңдеу энергиямен жүзеге асатынын білеміз. Болашақта энергия тапшылығын болдырмас үшін, тасымалданатын жарықтан құтылып, өзімізде өндірілетін жарыққа қол жеткізуіміз қажет деп ойлаймын. Қазіргі қолданыстағы мұнай, көмір, табиғи газ сияқты қазынды энергетика көздері шектеулі, әрі қымбат және қоршаған ортаны ластайды. Сол себепті елімізге таусылмайтын, тәуелсіз жарық көздері қажет.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button