АЭС

АЭС – керемет мүмкіндік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне тағы да оралып, бұған дейін айтылған республикалық референдумның нақты өтетін күнін бекітті. Алдағы 6 қазанда ел тұрғындары бір кісідей атсалысып, аталған мәселеге орай өз таңдауларын жасауға тиіс.

одан әрі соза беруге болмайды. Өйткені қазір біз қолданып жүрген заттың бәрі электр тогы арқылы жұмыс істейді. Электр энегриясына деген қажеттілік жыл санап өсіп жатыр. Сондықтан АЭС – осы қажеттілікті өтейтін керемет мүмкіндік.

Біз кезінде Ақтауда 30 жылға тақау Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты жұмыс істегенін білеміз. Алайда 90-жылдары популистердің ықпалымен оны жауып тындық. Осы стансаны жаппағанда қазіргідей проблема болмас та еді. Сондықтан алда өтетін республикалық референдумда халқымыз дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін.

Сергей ПОНОМАРЕВ,

Мәжіліс депутаты

EGEMEN.KZ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button