АЭС

Еліміздің болашағы үшін

Көптілеу ҚОСАЯҚОВ, зейнеткер,

Ырғыз ауданы

Бүгінде Қазақстан қоғамын толғандырып отырған маңызды жайт – АЭС салу. Бұл туралы Президентіміз өзінің жақындағы Жолдауында айтқан болатын. Атом электр станциясы біздің зкономикамыздың өсуі үшін аса қажет деп ойлаймын. Әлем картасын қарап отырсаңыздар дамыған мемлекеттердің барлығында атом реакторларынан қуат алады. Әлемнің 31 мемлекетіндегі 439 атом реакторы әлем бойынша электр қуатының 9%-ын береді екен. Атом электр станциялары Франция, Финляндия, Словакия, Венгрия, Болгария, Чехия, Қытай, Америка Құрама Штаттарында, Біріккен Араб Әмірліктерінде электр энергиясы қажеттіліктерінің 19-70% көлемінде өндіреді. Қазір әлемде 64 атом реакторының құрылысы жүріп жатса бұлардың барлығы бекерден-бекер салынып жатқан жоқ қой.

Сондықтан біздің мемлекетімізге де әлемдік өркениет үрдісінен қалып қоймауы тиіс. Электр энергиясына сұраныс көбейген сайын оны қамтамасыз етудің баламасыз жолы тек атом электр станциясын салып, қуатын өзіміз өндіру болып табылады. Ядролық электр энергиясы су электр станциясынан кейінгі ауаға ең аз көмір қышқылын жіберетін баламасы жоқ пайдалы энергия көзін өндіру болып табылады.

Көптілеу ҚОСАЯҚОВ, зейнеткер, Ырғыз ауданы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button