АЭС

Болашақтың энергиясы: АЭС салынатын орын қалай таңдалады

Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен азаматтық ұйымдар өкілдерінің басын қосқан Халықтық штаб құрылды. Бүгінде әр өңірде Президент идеясының мәні мен маңызын талқылау қарқынды жүргізіліп жатыр.

Жантикин.

Абай облысындағы Курчатов қаласы да қарастырылғанымен, Алматы облысының Үлкен кентінде инфрақұрылым тұрғысынан артықшылықтар болған. Балқаш өзенінің бойындағы құрылыс ауданы кеңес заманы тұсынан бері көзге түсіп келген еді. 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан аумағына ГРЭС салу жоспарланып, кейін тоқтатылған. 2008 жылдары Балқаш ЖЭС-ін салу туралы шешім қабылданғанымен, ол да аяқсыз қалды.

Атом электр стансасын салудағы аудандарды зерттеу МАГАТЭ құжаттары мен Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық талаптары негізінде жүргізілген. Ондағы қарастырылған басты факторлар – жер сілкінісі мен геологиялық құбылыстар, гидрометеорологиялық жағдайлар, АЭС пайдалану кезінде аудан гидрографикасына әсері. Үлкен ауылы аумағының инфрақұрылымдық артықшылықтары зерттеліп, талдама нәтижесіне қандай да бір кедергі келтіретін жағдайлар тіркелмеген.

Мамандардың айтуынша, Балқаш көлінің жағасында АЭС салу бірнеше өңірде электр энергиясына деген тапшылықты жойып, импортқа тәуелділікті азайтып қана қоймай, бағаны да тұрақтандырады. Сонымен қатар көптеген қосалқы жұмыс орындары ашылып, Жетісу мен Алматы өңірінде өндіріс пен бизнес өркен жаймақ.

Саясаттанушы Марат Шибұтов еліміздің оңтүстік өңірлерінде энергия тапшылығы 2-3 жылдан кейін айқын білінетінін, сондықтан аталған аумаққа атом электр стансасын салу оңтайлы шешім екенін айтады.

«Үкімет стансаны салу туралы шешім қабылдау шыңына жетті. Біз Балқаш аумағын атап отырмыз. Заң бойынша үш балама алаңды талдап, сипаттап, біреуін негізгі алаң ретінде ұсынғанда ғана, атом стансасы салынады», дейді Тимур Жантикин.

Сонымен қатар сарапшы референдум нәтижесінен соң жеткізушіні, технологияны таңдау, нақты экономикалық есептер жүргізу және сараптаудан өту секілді дайындық жұмыстарына екі жылдай уақыт кететінін мемлекеттік сараптамаға бір жылдың үстінде, құрылыс жұмыстарына тағы бес жыл, сонда барлығы бас аяғы он жылға созылатынын айтады.

EGEMEN.KZ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button