Білім

Оқушылар институтқа барды

Шұбарқұдық гимназиясы көп жылдан бері Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының базалық мектебі болып саналады.

Қараша айында гимназиямыздың 8-11 сынып аралығындағы 17 оқушысы аталған оқу орнында болып қайтты. Онда оқушылар  технология, дене тәрбиесі, музыка, бейнелеу мамандықтары бойынша дәріс алып, институттың тыныс-тіршілігімен танысты.

Үш мамандық бойынша дәріс берген оқытушылар сабақтарын шебер, қызықты етіп өткізе білді.

Институтта болған үш күн ішінде оқушылар түрлі спорттық шараларға қатысып, студентер мен оқытушылардың күшімен қойылған концертті тамашалады. Одан соң Ақтөбенің көрікті жерлерін аралап, облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды.

Айна ҚОНАЕВА,

Шұбарқұдық гимназиясының музыка пәні мұғалімі.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button