Білім

Біліктілік баспалдақтары

Жуырда Ақтөбе қаласындағы №20 балабақшада «Мектепке дейінгі мекеме мейірбикесінің жұмысы» тақырыбында орта медицина қызметкерлерінің оқуы өтті. Шараны Ақтөбе медициналық колледжі білім жетілдіру бөлімінің меңгерушісі Маржангүл Жанасбаева ұйымдастырды.

Тәжірибелі дәрігер Несібелі Қарымсақова қатысушыларға дәріс оқыды. №22 «Балдырған» мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі Жұмабике Қалиева бүлдіршіндердің денсаулығына қатысты өз ойын айтты. Жалпы шарада бүлдіршіндер тәрбиесіне қатысты көптеген мәселелер ортаға салынды.

Жиын соңында балабақша ұжымы дәріс оқыған ақ халаттыларға алғысын білдірді.

 

Т.ҚЫДЫРАЛИНА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button