Спорт

Агенттік қызметкерлері арасындағы жарыс

Спартакиада

Ақтөбеде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогына арналған ІІ спартакиада өтті. Жарысқа Ақтөбеден өзге Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Спартакиаданың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, осындай іс-шараның алдағы уақытта жалғасын таба беруіне тілектестігін білдірді. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңАқтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарыАлмат Мырзалиев сайыстың мақсатын түсіндіріп, қызметкерлерге сәттілік тіледі.

— Төрт облыстың департаменттері Ақтөбе қаласында кездесіп, іріктеу ойындарына қатысып жатыр. Ұтқан команда Астанадағы ақтық сынға барады. Спартакиада осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатыр. Жалпы, бұндай шараны өткізудегі мақсат —  қызметкерлердің ынтымақтастығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Жан-жақтан келген қызметкерлердің барлығы тыңғылықты дайындалған. Жарыс қызу өтіп  жатыр. Былтыр біздің облыс шахматтан бірінші орын алса,  теннистен — екінші,  арқан тартудан үшінші орынға ие болды. Биыл да жеңістен үміт көп. Жалпы, біздің облыста департамент қызметкерлерінің спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Оларға жұмыс кезінде арнайы уақыт бөлінеді. Түрлі спорт секцияларына да қатысатын мамандар бар, — дедіА.Мырзалиев.

Жарысқа қатысушылар  спорттың бес түрі бойынша, яғни  шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, арқан тарту және шахматтан бақ сынады. Жарыс екі күнге созылады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button