Ресми

Отан қорғаушылар күні кеңінен тойланады!

Үстіміздегі жылдың 6-7  мамырында қаламызда Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар өтеді.

Бұл күндері барлық әскери бөлімшелер мен Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында, қорғаныс істер жөніндегі департаментте салтанатты жиналыстар өтеді.

Бүгін сағат 15.00-де облыстық «Алақай» қуыршақ театрында №30238 әскери бөлім жеке құрамының концерттік бағдарламасы болады. Бұл мерекелік шараны Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледждің оқушылары тамашалай алады.

6 мамыр күні сағат 9.00-де №6655 әскери бөлімінде «Армия балаларға» атты акциясы ұйымдастырылып, қаладағы №16, 34 мектеп оқушыларының қатысуымен ашық есік күні өтеді. Көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасы мен әскери техника көрмесі де осы жерде ұйымдастырылады.

Бұл күні сағат 15.00-де №30238 әскери бөлімінің алаңында Ақтөбе гарнизонының  әскери құрамалары арасында қатардағы әндер  байқауы ұйымдастырылады. Сол күні сағат 16.00-де «Сарбаз батыр» спорттық жарыстары өтеді.

Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық әндер фестивалін 6 мамыр күні сағат 15.00-де «Геолог» Мәдениет үйінде тамашалауға мүмкіндік бар.

7 мамыр күні Т.Бегелдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің   әскери институтында №1, 17, 23, 27 мектеп оқушылары мен Алғадағы балалар үйі тәрбиеленушілерінің қатысуымен ашық есік күні өтеді. Бұл жерде әскери техника байқауы ұйымдастырылады.

Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button