Құқық

Сауалдарыңызға заңгер Серік Жолдыбай жауап береді

Заң

Газет оқырмандары телефон арқылы мынадай сауалдар қояды:

Гүлназ Мұсақызы, Ақтөбе:

Таныс әйелге 100 000 теңге қарыз беріп едім. Сот шешімімен ол 130 000 теңге көлемінде қайтарылатын болды. Сот орындаушысы «борышкердің төлейтін ақшасы да, өндіруге болатындай  мүлкі де жоқ» дейді. Оның күйеуінің жалақысынан ұстауға бола ма?

 

Оның сізден алған қарызын қайтаруға күйеуі де, басқа жақын-жуықтары да міндетті емес. Заң бойынша жауапкершілік жеке өзіне жүктеледі.

 

Амантай Өтен, Қарабұтақ:

Мерзімі көрсетілмей берілген сенімхат қанша уақытқа жарамды?

Сенiмхатты қалауыңызша, бірақ, үш жылдан аспайтын мерзiмге бере аласыз. Сенiмхатта қаншама ұзақ мерзiм көрсетiлсе де, ол үш жыл бойы ғана, ал егер қолдану мерзiмi көрсетiлмесе, берiлген күннен бастап бiр жыл бойы жарамды болады. Берiлген күнi көрсетiлмеген сенiмхат жарамсыз деп танылады (ҚР Аазаматтық кодексінің 168-бабы).

 

Балсұлу Жәнібекқызы Құлмағамбет, Қарғалы:

Автокөлігіміздің мемлекеттік нөмірлерінің жауынды-шашынды күндері баттаса жұққан балшықтан көрінбей қалатын кездері аз емес. Сол үшін айыппұл сала ма?

 

Машинаңыздың мемлекеттік нөмірлері көрінбей қалғаны үшін 7560 теңге айыппұл төлейсіз. 

 

Ермек Жолдыбай, Ырғыз:

Егер жұмыс беруші мен жұмысшы арасында жасалған еңбек шартының мерзімі көрсетілмесе, шарт қанша уақытқа жарамды болады?

 

Еңбек кодексінің 29-бабында көрсетілгеніндей, еңбек шарты белгілі бір жұмыстың орындалуы, жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру, маусымдық жұмысты орындау уақытына және белгіленбеген мерзімге, сондай-ақ, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.

Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.

 

Балжамал Лепесова, Хромтау:

Заем шарты деген не?

ҚР Азаматтық кодексінің 715-бабына сәйкес заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушiге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.

Салтанат Таңсықбай, Қарауылкелді:

2000 жылы көршілес Ойыл ауданынан көшіп келіп едік. Жамал Аманғос деген кісінің  үйін қызы Айнұрдан 2 сиыр беріп сатып алғанбыз. Апай қайтыс болды. Енді басқа балалары үйден шығыңдар деп жатыр. Олардікі заңды ма?

 

Бәрі де сату-сатып алу шартын заңдастыруыңызға байланысты. Егер үй сіздің атыңыздан мемлекеттік тіркеуден өтпеген болса, сотта ұтылып қалуыңыз ықтимал.

Мына телефондар бойынша хабарласуға болады:

тел.: 8 (7132) 56-21-64; 51-04-13; 8-702-318-04-13

E-mail: sultan.ns@mail.ru

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Салеметсізбе, сізден сарайын дегенім
    1. сенімхат пен әкімшілік хаттама, қаулы шығаруға боладыма? Әкімшілік айыппұл салынатын орган сенімхатпен басқа тұлғаға қатысуынсыз қаулы шығара аладыма?
    2. Қолхат қанша уақытқа дейін жарамды? (қарызға ақша алып қайтармаған жағдайда)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button