Білім

Балдырған

Жануарлар

…Тәулігіне қанша сағат ұйықтайды?

Егеуқұйрық — 19,9.

Қалталы егеуқұйрық — 16,0.

Саршұнақ — 14,5.

Мысық — 13,2.

Көгершін — 11,9.

Үй балапаны — 11,8.

Шимпанзе — 10,8.

Ит — 10,7.

Император пингвині — 10,5.

Кірпі — 10,1.

Үйрек — 9,1.

Үй қояны — 8,7.

Шошқа — 8,4.

Құр — 6,6.

Үнді пілі — 5,3.

Қаршыға — 4,5.

Сиыр — 4,0.

Жылқы — 2,9.

Керік — 1,9.

Туған ел

Біздің ауыл

 

Үлкендердің сөзіне құлақ түрсек, біздің ауылдың маңы әуелде аумағы үлкен, қалың миясы бар, батпақты жер болса керек. Содан ауыл үлкендері суға жақын, қалың нуы бар осы жер жұртымыз болсын деп қоныстанады.

Милы ауылы, алыстан көз тігіп қарасақ, шынында да, малға жайлы, қыры-сайы тегіс көрінетін ұлы жолдың бойына жақын орналасқан. Әсіресе, көктем мезгілінде ерте тұрып, ауылдың шығыс жағына зер салсаң, алтын күннің шапағына малынған ауыл көрінісі бейне бір бала қиялына шабыт берердей елжіретеді.

Көктемгі шуақ адам түгілі малға да әсер етіп, қыстай даланы аңсап шыққан сиырлар өріске беттеп, мал айдап шыққан адамдар бір-бірімен қауқылдасып, көлге қонған құстар шулап, мәре-сәре күй кешеді.

Әркімнің өз туған жері өзіне ыстық, менің кішкентай жүрегімде де туған ауылыма, жеріме деген сүйіспеншілік, ыстық ықылас лүпілдейді.

Жаз айында, әсіресе, ыстық күндері суға түсіп шомылуға барғанымда өзен жағасына жақын орналасқан Боранбай қыстауы көзге бірден түседі. Шағын шатқалға кіре орналасқан қыстау өзенге сүйсіне қарап жатқан адам бейнесін көз алдыңа әкеледі.

Ырғыз өзенінің бір саласы Саға деп аталады. Бұл — біздің суға түсіп, балық аулайтын жеріміз. Жағасы құм қайырға біткен өзен суы өте терең, үн-түнсіз момақан күйінде ағып жатады. Өзен жағасының сәні өзінше бір әдемі әлем. Қырға қарай шығар беті қара жусан, тікен, алабұтамен көмкерілген. Әр талдың көлеңкесі — ыстықтап келген балаға таптырмайтын сая.

Өзеннен бастау алатын, мал шұбырған қара жолмен ауылға беттеген бір топ бала көшеге енеді. Көше бойына тізілген ақ шаңқан үйлер шағаладай аппақ болып ауыл ажарын келтіреді.

Менің ауылым, міне, осындай.

 

Қапан САҒАДАТ,

Милы орта мектебінің 6-сынып оқушысы.

Әйтеке би ауданы.

Пейіл

Перзент парызы

 

Сәби өмірге шырылдап келгеннен бастап ақ сүтін беріп өсіретін кім? Жоғын тауып беріп, жанын жұбататын кім? Әрине, ата-ана.

Мен өзімнің ата-анамның алдындағы борышымды сезінемін, және оны қалайда өтеймін. Бұл — жалғыз менің ғана емес, барлық перзенттің ата-ана алдындағы парызы.

Әр ата-ана өз баласының алдыңғы қатарда жүргенін қалайтыны рас. Сол үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасауға тырысады. Ал кейбіреулер туған әке-шешесін Қарттар үйіне өз қолдарымен жетектеп апарып тастайды. Қандай қателік жасап жатқанын өздері де түсінбейді.

Ал мен ондай қадамға ешқашанда бармаймын. Керісінше, есейген кезімде ата-анама қамқоршы болып, бар жағдайын жасаймын

 

Айқаракөз ТЕҢІЗБАЙҚЫЗЫ,

Шұбарши орта мектебінің 6-сынып оқушысы.

Темір ауданы.

 

Оқушының өлеңі

Менің елім

 

Бүйрегімді мәңгілік

Өзіңе ғана бұрамын.

Дүрсілдеп бала жүрегім,

Өзің болдың ұраным.

Көк байрағың секілді

Желбіреп мен тұрамын.

 

Әлішер НАҒЫМЕТОВ,

Қарашоқат орта мектебінің 3-сынып оқушысы.

Шалқар ауданы.

 

Желтоқсаннан соң

 

Желтоқсанның ызғары

Жылытпастай мұздады.

Жеңілген жоқ бірақ та,

Елімнің ұл мен қыздары.

Талай бақ пен бақыт-нұр

Аймалайды бізді әлі.

 

Мәдина ТАҢБАЕВА,

Қ.Жазықов атындағы орта мектептің оқушысы.

Байғанин ауданы.

Ана

 

Шет кеткенде сағынамын өзіңді,

«Айналайын, күнім» деген сөзіңді.

Сүйенерім бір өзіңсің, анашым,

Жамандыққа қимайтұғын баласын.

 

Данияр БАЙДРАХМАНОВ,

Еңбекту орта мектебінің оқушысы.

Әйтеке би ауданы.

Өтірік өлең

 

Көбелекті ұстап ап,

Дүниені шарладым.

Есімде жүр сол кезде

Қытайға да барғаным.

 

Амангүл НАҒАШЫБАЙ,

Мұғалжар орта мектебінің 5-сынып оқушысы.

Мұғалжар ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button