Ресми

Мақсат – мұнайдың төгілмеуін қамтамасыз ету

Апта басында облыс әкімдігінде ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петровтың төрағалық етуімен мұнайдың төгілуін реттеу жөніндегі ұлттық комиссияның көшпелі отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ж.Оралмағамбетов,  Төтенше жағдайлар, Энергетика және минералдық ресурстар, Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау министрліктерінің, сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, басқа да ірі кәсіпорындар қызметкерлері қатысты.

Көшпелі отырыста ірі мұнай өндіруші кәсіпорындарында, соның ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ нысандарындағы экологиялық өндірістік қауіпсіздік, яғни мұнайдың құрлыққа төгілуінің алдын алу мәселелері қаралды. Вице-министрдің айтуынша, тексеріс кезінде байқалғандай, аталған акционерлік қоғам нысандарындағы экологиялық өндірістік қауіпсіздік деңгейі 100 пайыз емес, сондықтан бұл бағытта әлі де тыңғылықты жұмыс жасауға тура келеді. Осы мәселе жөнінде облыс әкімінің орынбасары Ж.Оралмағамбетовтің, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай өндіру мониторингі басқармасының сарапшысы Н.Рүстемовтің және кәсіпорын нысандарындағы мұнай төгілуінің алдын алу жұмыстары туралы Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы С.Құтпановтың баяндамалары тыңдалды.

Ұлттық комиссия құрлыққа мұнай төгілудің алдын алу, соның салдарынан болуы мүмкін зардаптарды жоюға дайын болуды қамтамасыз ету мақсатында құзырлы министрліктер мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға бірқатар шараларды жүзеге асыру жөнінде нұсқаулар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button