Ресми

Сенбілікке шақырамыз!

Бүгін ақтөбеліктер қаланы санитарлық-тазалау жұмыстарына байланысты сенбілікке шығады. Бұл туралы кеше қала әкімі Архимед Мұхамбетов хабарлады.

Архимед Бегежанұлының шешімімен бұған дейін қалада екі айлық санитарлық-тазалық маусымы жарияланған болатын. Дегенмен ауа райының қолайсыздығына байланысты сәуір айында бірқатар жұмыстар тоқтап қалды.

Сәуір, мамыр айларында біз қаланы түгелдей күл-қоқыстардан, қысқы қалдықтардан тазартып болуымыз керек. Қазір қалалық әкімдікке қарасты барлық мекемелер өз аулаларына санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізуді бастап кетті. Алдағы сенбі күндері мерекемен тұспа-тұс келетіндіктен, 30 сәуір күні барлық қалалықтар сенбілікке шығуға тиіс. Бұл күні шағын және орта бизнес субъектілері мен барлық пәтер иелері кооперативтері, кондоминиумдер мен үй басшылары да өз алаңдарын тазалауға міндетті. Бұл жұмыс бір аптаға созылмақ, – деді А.Мұхамбетов.

Қала әкімінің айтуынша, биыл қаланы көріктендіруге байланысты бірқатар жобалар жүзеге аспақ. Қала мерейтойына орай гүлзарлардың санын көбейту, көшелерді жөндеу секілді жұмыстар қазірден бастап жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсаттағы жұмыстар өткен жылмен салыстырғанда биыл 30 пайызға арттырылмақ.

Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button