Экономика

9 Жоба пысықталды

Кеше қалалық әкімдікте қала әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен инвестициялық жобаларды қарауға сәйкес комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Бұл басқосу – қала аумағында жүзеге асырылып жатқан жобаларды қараған комиссияның бесінші отырысы.

Комиссияның басты мақсаттарының бірі – инвестициялық жобалар мен инновациялық ұсыныстарды қараумен қатар қаланың индустриялық-инновациялық дамуы үшін басым мәні бар жобаларды іске асыруға көмектесу.

Кешегі өткен отырыста қала аумағында салынып жатқан 9 әлеуметтік саладағы инвестициялық жобалардың мән-жайы айтылды. Соның бірі – Тұрғындар қалашығында салынып жатқан емхана. Жоба жетекшісі қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Мереке Нұртазиннің айтуынша, қаланың Маресьев  және Ливенцов көшелері қилысында бой көтеріп жатқан бұл емханада күніне 500 адам қаралады. Осы жылдың қараша айында пайдалануға берілетін денсаулық мекемесінде 321 адамға жаңадан жұмыс орны ашылмақ.

Отырыста дене шынықтыру және спорт, мәдениет салалары мен демалыс орындары кешендеріне қатысты жобалардың іске асырылуы да баяндалды.

(Материалдың толық нұсқасын газетіміздің алдағы сандарының бірінен оқи аласыздар).

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button