Жаңалықтар

Кеншілер қуанышы

Баспана

Дөң тау-кен байыту комбинатының бірқатар қызметкері баспаналы болды. Бұл — Хромтауда компанияның тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған оныншы үйі.

Бағдарламаның арқасында кеншілер өздері қалаған пәтерді бастапқы жарнасыз және ERG басшылығы мен «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арасында жасалған келісімшарт негізінде ең төменгі пайызбен (3,1%) алды.

Жаңа бес қабатты үйдегі пәтерлердің көбі — екі бөлмелі. Көпбалалы отбасылар үшін үш бөлмелі пәтерлер де бар. Тұрғын үй дайын күйінде тапсырылды. Аулада балалар ойын алаңы, теннис үстелі мен әткеншектер орнатылған. Мердігер компания жақын арада ауланы абаттандыру, қосымша жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп, суағарлар жүйесін салып беретіндерін айтты.

Жаңа қоныстанған отбасыларға кәсіподақ ұйымының атынан микротолқынды пештер мен естелік сыйлықтар табысталды.

Үйлі болғандардың бірі — теміржол цехының жүк тиеушісі Сәндіғали Төремқұлов. Төрт қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әкенің қуанышында шек жоқ.

Комбинатқа жұмысқа орналасқан соң алдыма бірден үй алу туралы мақсат қойып, кезекке тұрдым. Бұған дейін балаларыммен бірге ата-анамның үйінде тұрғанбыз. Енді жеке баспанамыз бар. Балаларым менен де қатты қуанып жүр. Үлкен қызым — студент, кішкентайым — сегіз жаста, — дейді ол.

Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Нұрлан Саринжипов компанияның тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері комбинаттың 500-ге жуық қызметкері баспаналы болғанын атап өтті.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button