Жаңалықтар

«Көктем – 2009» – мұнайшылар жаттығуы

Сәуір айының 20-сынан 24-іне дейінгі аралықта Темір ауданында жоспарлы кешендік аудандық жаттығулар өтті.

23 сәуірде «Кеңқияқ мұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында Кеңқияқ тұз асты кен орнында «Көктем – 2009» жаттығуы өтті. Бұл шараны акционерлік қоғамның еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ұйымдастырды. Оған «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның «Кеңқияқмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы, «Ақтөбемұнайсервис» басқармасы, «Ақ берен» әскерилендірілген фонтанға қарсы отрядының Ақтөбе филиалының өкілдері, «Өрт сөндіруші» ФАО №20 өртке қарсы бөлімі, «КСБ ГРУПП» ЖШС күзет фирмасы, компанияның жоғарыда аталған фирмаларының азаматтық қорғаныстағы штаттан тыс құрылымдары қатысты.

Кеңқияқ тұс асты кен орнындағы кешенді оқу-жаттығу түске дейін басталды. «Кеңқияқмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында ХJ-550 бұрғылау станогын пайдаланумен №8 кіріспеге сәйкес Кеңқияқ тұс асты кен орнының №8110 ұңғымасын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу барысында газ-мұнай атылып кету оқиғасы орын алды. Вахта жұмысшылары превентордың құбыр плашкаларын ғана жауып үлгерді (ұңғыманың құбырлық кеңістігін жабу). Айналмалы бұрандамен арнаулы құбырды бұраудың (ұңғыманың құбыр каналын жабу үшін) сәті түспеді. Бұрғылауда жарылыс пен өртті болдырмау үшін механизмдер сөндіріліп, электр энергиясы ажыратылды, жұмысшылар бұрғылау қондырғысы аумағынан сыртқа шығарылды. Алайда үш зардап шегуші (күкіртті сутегімен уланды деп болжамдалу бойынша) бұрғылау аумағында қалып қойды. Апатты жағдай орын алған аумаққа бірінші болып «Ақ Берен» АВПФО фонтонға қарсы қызметтің апатты-құтқару отряды тобы кірді. Құтқарушылар газды аймақтағы жұмыс кезіндегі тағайындалған қорғаныс құралдары: мұнай қорғаныстық костюмдер, ауамен тыныс алу аппараттары және зардап шегушілерді шығару үшін зембілдермен жабдықталған. Күкіртті сутегімен уланудан зардап шеккендері сыртқа шығарғаннан кейін оларға жедел түрде дәрігерге дейінгі бірінші кезектегі көмектер көрсетілді.

Ашық фонтан бірінші категориядағы апатқа жатады, бұл негізінде төтенше жағдайға жатады және ауқымды материалдық шығындарды, зардаптарын жою үшін ұзақ мерзімді қажет етеді. Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының, сондай-ақ апат ауданына жақын орналасқан елді мекендердің, өнеркәсіп, транспорт, ауыл шаруашылығы объектілерінің қызметін елеулі түрде қиындықтарға душар етеді. «Ақ берен» АВПФО филиалының оперативті қызметі ашық фонтандарды жоюға байланысты әдістерді тұрақты жетілдіруге, құрал-жабдықтарды, транспортты дайын ұстауға негізделген. Оперативті құрам адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін жоғары қауіптілік жағдайында ашық фонтандар мен газ-мұнай атқылауын тоқтату бойынша күрделі және ерекше жеделділіктегі жұмыстарды орындайды.

Барлық зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығарғаннан кейін фонтанға қарсы отрядтың жеке құрамы ауада улы және жарылыс қаупі бар газдың бар екендігіне тексеру жүргізді. Апат болған ұңғыма маңында қауіпсіздік белгілері орнатылды. Оперативтің толық жетекшісі өз кезегінде кешенді оқу-жаттығу штабы бастығына нәтижелерді баяндады. Барлық мәліметтер журналға жағылып, өлшеулер қорытындысы бойынша арнаулы карта-схема құрылымдалды. Ұңғымадағы өртті басуға «Өрт сөндіруші» ФАО №20 өртке қарсы бөлімі қызметкерлері кірісіп кетті.

Оқу-жаттығу уақытында азаматтық қорғаныс және кәсіби құрылымдар әрекеттері тәртібі дауыс күшейткіш арқылы хабарласып отырылды.

Кешенді оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін «Ақ Берен» және «Өрт сөндіруші» өкілдері төтенше жағдайларды жоюда пайдаланылатын костюмдер мен құрал-жабдықтарды, жаңа өрт техникасын толыстырды.

«Кеңқияқмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы азаматтық қорғаныс бастығы С.Жантоқов төтенше жағдайларды жоюға қатысушыларға алғыс айтып, оларға табыс тіледі. Мұндай апаттарды жою тек қана оқу-жаттығу кезінде орын алуына тілек білдірді.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері мұндай бірнеше оқу-жаттығуларын өткізді. Бұған дейін Бестамақ поселкесінде мұнай құю эстакадасында өрт-техникалық оқу-жаттығуы өтті. Келесі оқу-жаттығу Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде ұйымдастырылмақшы.

Ардақ КЕНЖЕТАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button