Жаңалықтар

Жеңіс құрметіне – жеңілдік

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 64 жылдығын мерекелеуге байланысты «Эйр Астана» авиакомпаниясының шешімімен 2009 жылғы 23 сәуірден бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер 2009 жылдың 1-31 мамыры аралығында орындалатын Қазақстан Республикасы мен ТМД әуе желісі бойынша «Эйр Астана» АҚ-ның тұрақты орындалатын рейстеріне авиабилеттер сатып алу кезінде бұрын жарияланған экономикалық класс тарифтеріне жеңілдік жасалады.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері Қосымша тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы ішіндегі және Қазақстан Республикасы мен ТМД (Мәскеу, Баку, Бішкек) арасындағы бағыттар бойынша жарияланған экономикалық класс тарифтерінің 100 пайыз мөлшерінде жеңілдіктерге ие болады.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілгендер Қазақстан Республикасы ішіндегі және Қазақстан Республикасы мен ТМД (Мәскеу, Баку, Бішкек) арасындағы бағыттар бойынша жарияланған экономикалық класс тарифтерінің 100 пайыз мөлшерінде жеңілдіктерге ие болады.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін алып жүрушілер және оларға теңестірілгендер Қазақстан Республикасы ішіндегі және Қазақстан Республикасы мен ТМД (Мәскеу, Баку, Бішкек) арасындағы бағыттар бойынша жарияланған экономикалық класс тарифтерінің 50 пайыз мөлшерінде жеңілдіктерге ие болады.

Белла ТОРМЫШЕВА,

«Эйр Астана» АҚ-ның бұқарамен байланыс жөніндегі директоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button