Мереке

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған…»

Аналар күні

Биыл елімізде 12 мамыр — Аналар күні алғаш рет өткізілді. Осыған орай «Қазақ аналары — дәстүрге жол» жобасының Мәртөк аудандық филиалы өкілдері аудандық балалар кітапханасында  «Ана тағылымы» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Іс-шараға Қымбат Сүйінғалиева, Ғалия Бекова, Сара Қалиева Балтөре Жұмағалиева сынды ақ жаулықты аналар қатысып, оқушыларға тарихтағы ұлы аналар туралы айтты.

— «Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар», — деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біздің отбасылық өмірімізде де, қоғамдық өмірімізде де ананың рөлі ерекше. Өмірге келген ұрпақ ананың берген тәрбиесі негізінде қалыптасады. Тәрбиенің негізі ананың әлдиінен бастау алады. Сәбиді тәрбиелеуде ешкім де анасының орнын баса алмайды. Биыл алғаш рет Аналар күнін атап өттік. Ендігі кезекте Аналар күнін дәріптеу мақсатында жыл сайын ауқымды іс-шалалар өткізуді жоспарлап отырмыз, — дейді «Қазақ аналары — дәстүрге жол» жобасының Мәртөк аудандық филиалының төрағасы Шара Бекназарова.

Іс-шара «Ене мен келін жобасы» аясында ұйымдастырылған «Ақ босағаның алтын қазынасы — аналар» атты сұхбатпен жалғасты. Оған Сарыжар, Қаратоғай ауылдарының атынан Нұрғали, Қазмұхан, Ізтілеу әулеттерінің мүшелері қатысты.

Барлық қатысушыға Мәртөк аудандық Мәдениет үйінінің басшылары атынан Алғыс хатпен естелік сыйлық табысталды.

Ақмарал МҰҚАШЕВА,

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button