Су тасқыны

41 миллион теңге өтемақы берілді

Өтемақы

Соңғы деректерге сүйенсек, жергілікті атқарушы органдарға көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Темір ауданы тұрғындары тарапынан мал шығындарын өтеу үшін 19 өтініш келіп түскен.

Қазіргі таңда комиссия 498 малдың өлгенін анықтаған. Соның ішінде 168 жылқы, 61 ірі қара, 269 ұсақ мал бар. Комиссия қорытындысына сәйкес, барлығы 100 малға 41,35 миллион теңге көлемінде төлем жасалды.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, облыс бойынша 1280 малға 228,6 миллион теңге төленіпті.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі бар. Ол үшін малдың өлексесі, сырғасы болуы керек әрі ауыл шаруашылығы базасында тіркелгені расталады.

                                                                                                               Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button