Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда

Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке.
2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғаш рет атап өтілуде. Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі.
«Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Біздің отбасылық өмірімізде де, қоғамдық өмірімізде де ананың рөлі ерекше, ол балаларын тәрбиелеп, бағыт-бағдар береді. Ананың еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Елді мекендерде балалар мен жастарды тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мәселесін шешу үшін, Қазақстандағы әйелдерін біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Аналар кеңесі» жұмыс істейді.