Басты жаңалықтар

Екі спорт алаңы ашылды

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамдардың спортпен шұғылдануына кеңінен жол ашу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осы бағытта Ақтөбе қаласында көптеген шаралар қолға алынуда.

Өткен аптада Мұхтар Арынов атындағы Қарғалы орта мектебі жанынан спорт алаңы ашылды. Бұл жерде енді балалармен қатар ересектер де футбол, баскетбол, волейбол ойнай алады, басқа да жаттығулар жасау мүмкіндіктері болмақшы.

Қала әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мерекелік шараға жиналғандарды осы жаңалықпен құттықтап, дене сергітумен шұғылданушыларға алда да кең жол ашылатындығын айтты.

— Биылғы жылы қалада 5 спорт алаңшалары салынуда, оған бюджет қаржысынан 31,8 миллион теңге бөлінді, — деді ол, — Басты мақсатымыз — адамдарды дені сау, жаны сергек болуға бейімдеу. Алдағы жылы Ақтөбе қаласында және қалаға қарасты селолық округтерде осындай 30 спорт алаңдарын салмақшымыз.

№21 мектеп-гимназия жанынан ашылған спорт алаңы да көпшіліктің көз қуанышына айналмақшы. Осы қатарда орналасқан жасөспірімдердің бокстан олимпиада резервтерін даярлау мектебінің директоры Әлімбек Балмағамбетов мұнда келушілер қатары көп болатындығына сенімді.

— Қазіргі уақытта біздің қаламызда тұрғындардың төрттен біріне жуығы жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылданады, — деді осындағы шараға қатысқан Нұрмұхамбет Әбдібеков, — алда оны көбейту міндеті тұр. Барлығыңызды да осы игілікті іске үлес қосуға шақырамын.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button