Басты жаңалықтар

Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы

Көрме

Өткен бейсенбіде Ақтөбеде «Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы» атты көрме ашылды.

Көрме «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ашылып отыр.

Шараның мақсаты — жұртшылыққа қазақтың рухани астанасы болып табылатын Түркістан тарихын жақынырақ таныстыру.

Ашылу рәсімінде облыстық мәдениет басқармасының бастығы Нәзира Табылдинова, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры, белгілі мәдениеттанушы Мәулен Садықбеков, облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Қанатбай Елеусіз, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры, белгілі ақын Амантай Өтегенов, т.б. сөз сөйлеп, көрменің табысты өтуіне тілектестіктерін білдірді.

Ашылу рәсімінен кейін алғашқылар қатарында көрмені Ақтөбедегі кооперативтік және политехникалық колледждердің оқушылары аралап көрді.

Көрмеге Лауха, Тайқазан сынды аса құнды жәдігерлердің көшірмелері, археологиялық қазбалар кезінде табылған ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар жәдігерлері, А.Кунның альбомынан алынған ХІХ ғасырдағы Түркістан қаласының көріністері, т.б. қойылып отыр.

Көрме 29 қыркүйектен 29 қазанға дейін жұмыс істейді.

Нақтырақ мәліметтер алу үшін: 21-13- 67 телефонына хабарласыңыз.

И. ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button