Жаңалықтар

Баға мен бақылау

Азық-түлік

Халық үшін қазір ең өзекті мәселенің бірі азық-түліктің бағасы болып отыр. Алғада арнайы жұмысшы тобы жұрт күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерінің бағасын бақылаумақсатында дүкендерді, сауда орындарын аралап, мониторинг жүргізді.

Топ құрамында аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімдігінің мамандары мен БАҚ өкілдері бар.

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктауарларының 19 түрі іріктелген. Біз олардың бағасының тұрақты болуына мүдделіміз. Саудагерлер тарапынан бағаны негізсіз және күрт өсіру әрекетін тыю үшін тұрақты бақылау жүргізу қажет, — дейді аудандық мәслихаттың депутаты Марат Төлеуов.

Тауар бағасын бастапқы құнының, тасымалдың қымбаттауына байланысты ғана емес, сұраныстың артуына байланысты да көтеріп жіберетін кәсіпкерлер бар. Бүгінде әлеуметтік маңызға ие тауарлардың бөлшек саудадағы шекті бағасы бекітілген.

Ал жұрт сәл де болса үнемдеуді ойлап, арзандаудүкендерді жағалайды. Мысалы, «Арзан» дүкенінің иесі Азат Жаленов: «Біз бағаның халыққа тиімді болуын да ескереміз. Тауарларға 10 пайыздан артық үстемеақы қоспаймыз», — дейді.

«Саламат» дүкенінде де бағаның халыққа тиімді болуы ойластырылған. Сатушы Үміт Жалмұханованың айтуынша, мұндағы баға өзге дүкендерден 10 пайызға арзан болғандықтан, тұтынушылар молынан сатып алып кетуге үйренген.

Жұмысшы топ дүкендерді аралап, бағаны бақылаумен қатар, оны тұрақтандыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.

Алға қаласында апта сайын өтетін жергілікті өнімдер жәрмеңкесі де халықты арзан ет, сүт, көкөніспен қамтуға септігін тигізіп тұр. Мысалы, өткен аптада жәрмеңкеге 7 ірі қара, 5 қой және 1 жылқының еті әкелініп, сиыр етінің келісі 2-3 мың теңгеден сатылды.

Мәншүк САПАРОВА,

Алға ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button