Мәдениет

Жүрегіміз жақыннан бірге соқты

Вальтер ЛЕММЛЕ, «Возрождение» неміс ұлттық-мәдени орталығының төрағасы:

– Неміс халқының өкілдері қазақтармен біте қайнасып, қоян-қолтық араласып кетті. Біздің ата-бабамыз және бүгінгі ұрпақ өздерінің тағдырын қазақ халқымен, қазақ жерімен байланыстырып келеді. Қазақстан Республикасы егемендігін жариялағанда Германия мемлекеті алғашқылардың бірі болып мойындады. Бұл тарихы ғасырлар қойнауында жатса да, жас мемлекет ретінде тәуелсіздік алған елді сыйлағандық деп білеміз.

Сондай-ақ, биылғы жыл Германиядағы Қазақстан жылы болып жарияланды. Осындай атаулы жыл аясында Қазақстан мен Германия арасында экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланыстар кеңейе түсті. Бұл екі елдің халықтарын бір-біріне жақындата түсуде.

Тарих – қашан да төреші. Төрелігін айту керек, Қазақстанда өмір сүріп жатқан немістерді қазақ халқы кемсіткен жоқ. Қайта үйлеріне қоныстандырып, қолындағы асын бөліп берді. Әрине, қай ұлттың да өзіндік қасиеттері болады. Ал тек неміс қана емес, Қазақстанды мекен еткен кез келген ұлттың өкілдерін «сыртқа теппей, бауырына тартқан» қазақ халқының қадір-қасиетін жоғары бағалаймыз.

Менің азамат болып қалыптасуым, аудандарда басшылық қызметте болуым да қазақтардың кеңдігі деп білемін.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button