Саясат

Ақтөбе облысының әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВ мырзаға

Құрметті Архимед БЕГЕЖАНҰЛЫ!

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі және Еуроодақтың мүше-мемлекеттері елшіліктері атынан 2011 жылдың 8-9 қыркүйек күндерінде Ақтөбе қаласында біздің делегациямыз болған сәттерде қабылдауыңыз үшін Сізге шынайы сезімімізді білдіріп, алғыс айтқымыз келеді. Біздің әсіресе көп уақыттарын бізге арнаған — сіздің орынбасарларыңыз — Сара Нұрқатова мен Роза Кемалова ханымдарға деген құрметіміз ерекше.

Біз сапар барысында облыстағы әр түрлі саладағы, оның ішінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау бойынша жетістіктер туралы, облыстың және Ақтөбе қаласының әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде білдік, сондай-ақ оқу орындары мен өнеркәсіп нысандарын аралау мүмкіндігіне ие болдық. Бізге Ақтөбе қаласы тұрғындарымен ресми де, биресми де жағдайда талқылаулар жасау барысында мәдени және әлеуметтік пікір алысуға ерекше жағдай жасалды.

Ақтөбе облысы мен Еуроодақ мүше-мемлекеттері, сондай-ақ еуропалық институттар мен компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың  Еуроодақ пен Қазақстанның арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімдер аясында даму үшін орасан бастаулар бар екендігіне мен нық сенімдімін.

Біздің жемісті ынтымақтастығымыз жалғасатындығына үміт артамын.

 

Норбер ЖУСТЕН,

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, елші.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button