Құқық

Олар — судья болуға үміткерлер

«Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өту туралы Ережесінің» 9-1 тармағына сай және судьяларды таңдаудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында біліктілік емтиханын тапсырған судьялық қызметке үміткерлердің тізімі облыстық соттың пленарлық мәжілісінде қарау үшін беріледі. Осы үміткерлерге қатысты жадығаттар жарияланғаннан кейін бір айдың ішінде  8 (713 2) 55-27-97 байланыс телефоны арқылы өз пікірлеріңізді айтуға және оларға мінездеме беруге және жазбаша түрдегі хаттарды облыстық соттың ғимаратындағы арнайы жәшікке салуға болады. Сонымен бірге бір судьялық үміткерге немесе басқа үміткерлерге қатысты сіздің пікірлеріңіз облыстық соттың сайтына қабылданады.

1. Байдрахманова Дидар Сағидуллақызы, 26.01.1970 жылы Алматы қаласында туған, Ақтөбе облысының ІІД Жол полициясы басқармасының жедел-іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі болып қызмет атқарады.

2. Зайнуллина Марина Юрьевна, 25.04.1974 жылы Ақтөбе қаласында туған, «С.А.Бурбаева ЖК»-де заңгер қызметін атқарады.

3. Қуаншалиева Ляззат Қарасайқызы, 22.05.1976 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында туған, Ақтөбе нотариалдық палатасының нотариусы.

4. Мыңбаев Манарбек Әділгерейұлы, 10.11.1970 жылы Урал облысы, Дурманов ауданында туған, Ақтөбе қаласында жеке кәсіпкерлік қызметін атқарады.

5. Мұқашева Светлана Ержанқызы, 05.08.1977 жылы Ақтөбе облысы, Мәртөк поселкесінде туған, Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің заң бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button