Денсаулық

Тіс емдеу қондырғылары жаңартылды

Дөң тау-кен байыту комбинатының«Евразия» медициналық орталығынажаңа технологияға негізделген соңғы үлгідегі төрт стоматологиялық қондырғы орнатылды.

Комбинат жұмысшыларының денсаулығын сақтаужәне кәсібиауруларды алдын ала анықтау — кәсіпорында тұрақты атқарылатын жұмыстың басым бағыттарының бірі.

Өткен жылдың желтоқсан айында«Евразия» медициналық орталығынажаңа жабдықтар жеткізілді. Қондырғылар тек стоматолог-терапевтер үшін ғана емес, сонымен қатар стоматолог-ортопед мамандарынада арналған. Қазіргі таңда стоматолог-терапевтерге үш жабдық бөлінген болса, біреуі стоматолог-ортопедтің бөлмесіне орнатылды. Бұл жабдықтармен алғашқы көмек жасап, тіс емдеу, тіс жұлдырудың барлық түрі, тіс тасын тазалау секілді процестерді жүргізуге болады.

Орталыққа әкелінген стоматологиялық қондырғылар заман талабына сай әрі қосымша құралдармен жабдықталған. Ондағы суды жылытып, температурасын реттеуге болатын арнайы баптаулары дәрігерлердің емдеу кезіндегі артық жұмыстарын шектеп, алаңсыз тіс емдеуіне көмектеседі, — деді «Евразия» медициналық орталығының бас дәрігері Дархан Шампиков.

Бас дәрігердің айтуынша, қазіргі таңда орталықта тіс дәрігерлері жеткілікті. Төрт стоматолог-терапевт бар.

Арайлым ҒАНИ,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button