Онкологиялық аурулардың алдын алуға арналды
Ашық есік күні
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Медициналық орталығында онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті.
Шара барысында104 тұрғынтүрлі онкологиялық бағыттағы мамандардың, яғни онкомаммологтардың, онкогинекологтардың, лор-онкологтардың, онкохирургтардың тексерісінен өтіп, мамандардан кеңес алды. Тұрғындардың кейбіріне дәрігер нұсқауы бойынша компьютерлік томография мен ультрадыбыстық зерттеулер жүргізілді.
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған шара қоғамның қатерлі ісік ауруын ерте диагностикалау және алдын алу туралы хабардар болуының маңыздылығына назар аударады.
Былтырбіздің облыстақатерлі ісігі бар 1890 адам тіркелген. Оның 23 пайызы бастапқы сатысында анықталыпты. Өткен жылы онкологияға қарсы күрес бағытында өңірде үш онкоскрининг жүргізілді. Мұндай скринингтер онкологиялық аурулардың 50 пайызын ерте сатысында анықтауға көмектесіп, алдын алуға мүмкіндік береді. Ал дәрігерлердің айтуынша, ерте анықталған ауруды емдеу де оңай болады.
Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,
М.Оспанов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі
жетекшісінің міндетін атқарушы.