Денсаулық

Қан қысымы — қауіпті ауру

Қан тамырының қысымы — ең көп тараған сырқаттың бірі. Елімізде бұл сырқатпен ауыратын адамдардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұрындары жасы ал­пыс­тан асқандар ауыратын,­ қа­зір қырық жастағыларды мазалай бастады. Медициналық статистика бойынша, елі­мізде әрбір оныншы адам қан тамыры қысымымен ауырады екен. Республика бойынша адам өліміне соқтыратын аурулардың ішінде қан қысымы бірінші орынды алады, екінші орында — ауыр дене жарақаттары, соңғысы — қатерлі ісік аурулары.

Қан қысымы өте қауіпті ауру. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтынын ескерер болсақ, тамырдың қанша уақытқа дейін төзе алатыны беймәлім. Сондықтан оны «үйреншікті ауру ғой» деп мән бермей жүрген дұрыс емес.

Осы бір аурудан сақтану шараларын жұрт­тың бәрі ойлай бермейді.

Қан қысымының қалыпты көр­сеткіші тонометр бойынша 120/80 болуы керек. Егер тонометр тілі 140/90, 150/100, 160/110, 170/120, 180/130 көрсететін болса, бұлар қан қы­сымы көтерілуінің екінші және үшін­ші сатысы болып табылады. Әсіре­се, үшінші сатысы науқас үшін өте қауіпті саналады.

Қан қысымының көтерілуі адам ағзасындағы қан айналымының бұ­зылуынан, жүрек қан тамырла­ры­ның тартылып, оның ішіндегі қанның қою­лануынан болады. Бұл көбіне аз қи­мылда болатын адамдарда жиірек кездеседі. Бір орында көп отыратын немесе кешке дейін төсектен бас кө­термей жататын адамның денесі қоз­ғалыста болмағандықтан, ағзада­ғы, тамырдағы қан қоюланады да, ішкі температураның қысымы жоға­ры­лайды. Осындайда адамның басы ауы­рып, самай тұсындағы тамыр­ла­ры солқылдап соғады. Қан қою­лан­бас үшін, әрдайым қимыл үстінде болған жөн. Жейтін тағамның көлемінің артуы да қан қысымына алып келеді. Салмақ­тың артуы кезінде қан тамы­рының қысымы жоғарылайды да, бұл жүректі салмақпен жұмыс істеу­ге мәжбүр етеді.

Ал қан қысымының алдын алғысы келе­тін­дер жиірек қимыл-қозғалыста бол­ғаны дұрыс. Адам қимылдаған сайын оның ішкі энергиясы да қуат­та­нып, іске қосыла бас­тайды. Сондай-ақ ағзадағы қан айналу процесі жақсара түсіп, адамның тәбетін арттырады.

Зерттеулер біздің еліміздегі қан қысымымен ауыратын адамдардың ең басты қателігі дұрыс тамақтанбау­ екенін анықтапты. Тамақтың уа­қы­тылы асқазанға түсіп, уақытылы табиғи жолмен сыртқа шыққаны денсаулыққа тікелей әсер етеді.

Тағы бір мәселе — шайды аз ішу керек.  Бүгін­дегі шайлардың тоқсан пайызы­ қызыл бояумен боялады. Сол бояу  қан арқылы тамырларға тарайды да, та­мырдың тар іргелеріне жинала бастайды. Бірте-бірте бояу қалың қатпарға айналып, қан айналу процесін баяулатады. Нәтижесінде өз арна­сы­на сыймай қалған қан басқа ша­бады. Қысым басқа көтерілгенде кейбір жіңішке тамырлар шыдас бере алмай, жарылып кетеді. Бұл науқас үшін аса қауіпті жағдай. Тек шай ғана емес, сары уайымға түсіп немесе қатты ашуланған адамның да қан тамырлары бірден жарылып кетіп жатады.

Сонымен өте қауіпті бұл дертке шалдықпау үшін өзімізге төмендегі 4  жағдайды жасауымыз керек:

– дене салмағын азайту;

– алкогольді ішімдік пен темекіні тастау;

– шай мен кофені аз ішу;

– жаттығуды көп жасау және көп жүру.

Жазылуды ойласаңыз бұл ауруға мән беріңіз.  Дүниежүзінде миллиондаған адам қан тамыры қысымын төмендету үшін дәрі-дәрмектерді ұзақ және тұ­рақты түрде қабылдайды. Солай бола тұра, жұмыс істеу қа­білетін сақтай отырып, белсенді өмір салтын ұстанады.

Ауырып емделу жолын іздегенше, денсаулықты күтіп ауырмаудың жолына түсейік.

А.АЛЕКЕШОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button