Жаңалықтар

Басқармаға жаңа басшы тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Гүлназ Сағынқызы Сисенова тағайындалды.

Гүлназ Сисенова 1981 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген, білімі жоғары: 2000 жылы – Ақтөбе қаржы-экономика колледжін, 2003 жылы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған.  

Еңбек жолын 2001 жылы Алға ауданы бойынша салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған.

2003 – 2016 жылдары Ақтөбе облысының қаржы басқармасының жетекші маманынан бастап, басқарма басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысына дейін көтерілген.

2016 – 2019 жылдары Алға ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы болып қызмет еткен.

2019 жылдың шілде айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button