Жастар

Құмар ойын мен синтетикалық есірткінің зардабы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мәңгілік ел» мәжіліс залындаоблыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі жоғары оқу орындары студентерімен тәрбиелік танымдық кездесу өтті.

«Қауіпсіз қала» жедел профилактикалық іс-шаралары аясында жастар арасында құқықбұзушылықтың, оның ішінде құмар ойынның, нашақорлықтың, вандализмнің, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өткен кездесу бейнероликпен басталды. Мұнда еліміздің 1 миллион тұрғыны құмар ойынның құрығына ілінгені айтылды. Биыл Қауіпсіздік кеңесінің отырысында елПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев та соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып бара жатқанын, тіпті кейбір отбасылар үшін бұл қасіретке айналғанын, лудоманияға қарсы күресте түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс екенін айтқан болатын. Осы ретте шараға жиналған жастарға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Бас имамы Серікжан Еншібайұлы жастарға құмар ойынның зардабы туралы әңгімеледі.

— Бүгінгі қоғамның кең тараған дерттерінің бірі — құмаройын. Өткенде ғана бұл мәселе Парламент қабырғасында көтерілді. Статистика бойынша көп адам лудоманияның зардабын шегіп жатыр. Мәселен, кейбір отбасылар осының кесірінен ажырасып, кейбір адамдар суицидке барды. Әрине,дінде адамға зиян келтіретін кез келген іске тыйым салады. Бәс тігудің аяғы банктерге қарызданып, дүние-мүлкінен айрылуға әкеледі.біз оның алдын алуымыз керек. Ол үшін үгіт-насихат жұмыстарын күшейтіп, жастарды білім алуға, басқа да пайдалы іспен айналысуға шақыруға тиіспіз, — дейді Серікжан Еншібайұлы.

Одан соң облыстықполиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подколковнигі Асхат Асқаров жұмыс барысында түсірілген бейнероликті көрермен назарына ұсынды.

— Синтетикалық есірткіөте қауіпті, себебі бір рет тұтынған адам оған тәуелді болып қалады. Жаңа ғана бейнероликте көрсетті, 24 жастағы жігіт екі-ақ күн есірткі тасымалдаған, сол үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылып отыр. Есірткі тасымалдау бизнесі есірткі қылмысын тудырады.Сондықтан абай болыңыздар, көп ақша табамын деп, есірткіні бір жерден екінші жерге тасып жүрмеңіздер! Полиция қызметі міндетті түрде ұстап алады.Жас өмірлеріңді қор қылмай, сабақтарыңды жақсы оқыңдар! Елімізде мектеп оқушыларының синтетикалық есірткі пайдаланатындығы туралы деректер бар. Бірақ біздің облыста мұндай дерек тіркелген жоқ. Бұрын жастар, негізінен, марихуана қолданатын. Ал қазір марихуанадан гөрі синтетикалық есірткімен ұсталып жатқандар көбейіп тұр. Героинге тәуелді адам 6-15 жыл уақыт өмір сүрсе, синтетикалық есірткі тұтынушы бастапқы 6-7 жыл ішінде өмірмен қоштасуы мүмкін, — дейді Асхат Асқаров. Оның айтуынша, нашақорларды сыртқы түрінен ажыратуға болады. Есірткі тұтынатындар аз тамақтанады, негізінен,қатты әсер ететін энергетикалық сусындар ішіп жүреді, үнемі қозғалыста болады. Есірткіні бірінші қолданғаннан-ақ адам тез жүдеп кетеді.

Ал Ақтөбе қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімнің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Ботакөз Маратқызы

кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған шараларға тоқталды.

— Жыл басталғалы республикалық «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Каникул» жедел алдын алу іс-шараларының екі кезеңіөткізілді. «Отбасы» акциясы, сондай-ақ апта сайын рейдтер ұйымдастырылып тұрды. Тоқсан сайын қамқоршы, патронат отбасыларға тексерістер жүргізіліп, балалардың жағдайы бақылауда болады. Жедел алдын алу шаралары кезінде 352 жеткіншек, 250 қолайсыз отбасы есепке алынды. Биыл кәмелетке толмағандардың құқын қорғайтын комиссия 62  материалды қарап, сот шешімімен 17 ата-ананы ата-аналық құқығынан айырды, — дейді Ботакөз Маратқызы.

Одан соң жастар спикерлерге сұрақтарын қойып, жауап алды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button