Денсаулық

Дәрігерлер қамқорлығы

Республика көлемінде өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясына ақтөбелік санитарлық дәрігерлер де өз үлестерін қосты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері балаларға арнап  жалақыларынан қаражат жинады.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жарияланып, «Балаларды қорғаудың 20 қадамы» қайырымдылық марафоны аясында өткізіліп отырған акция аясында дәрігерлер «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық филиалы ұсынған тізімдегі аз қамтылған отбасылардың үш баласына қолдау көрсетті. Балаларға 37 мың теңгеге қажетті киім-кешек сатып алынды.

С.ЫСҚАҚҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button