Мәдениет

Өлең мен ән – өзге әлем

Байқау

Жақында №40 Ақтөбе орта мектебінде «Абай-Шәкәрім оқулары» қалалық байқауы өтті.

Қала мектептерінен барлығы 49 оқушы үш бөлім бойынша сынға түсті.

«Өлең – сөздің патшасы…» бөлімінде алдын ала берген тізімдегі өлеңдерді басынан да, аяғынан да сұраған сында мүдірмей жатқа оқып, сүрінбей өткен Россовхоз орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ақерке Серікқалиева озып шығып, жеңімпаз атанды. Ол –  ардагер-ұстаз Қуаныш Қонтай дәріс беретін «Абайтану» курсына қатысатын оқушының бірі.  Жеңімпаз Абайдың «Ескендір» поэмасы мен Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» поэмасын жатқа айтады.

«Көңілім әнді ұғады…» бөлімінде Абай мен Шәкәрімнің әндерін орындағандар арасында №6 орта мектептің 8-сынып оқушысы Әйгерім Ұлмағамбетова ерекше көзге түсіп, бірінші орынды жеңіп алды.

Ал «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда…» бөлімінде өзін жан-жақты таныта білген Новый орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жәнібек Бейбітов бірінші орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздар енді облыстық байқауға қатысатын болады.

А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button