Спорт

Аяққа шаңғыны іліп ап… жарысқан қандай әдемі!

Ақтөбе-Орск тас жолында Қарғалы селолық округінің оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу мақсатында «Жас Отан» жастар қанатының сыйлығына шаңғы тебуден чемпионат өтті.

Қарғалы селолық округінің әкімдігі, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Ақтөбе қалалық филиалы және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен жарысқа қатысқан алты мектептен жиналған 9-11 сыныптың 30 оқушысы 3 километр қашықтықта шаңғы теуіп, бақ сынасты.

Чемпионаттың ашылуында Қарғалы селолық округінің әкімі М.Қазкеев пен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы қызметін атқарушы Б.Қалниязов оқушыларға сәттілік тіледі.

Қыздар арасындағы жарыста Қарғалы селолық округі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Анастасия Мещерякова бірінші орынды жеңіп, шаңсорғыш иеленді. Екінші орынға Әйгерім Зейнетова ие болды. Үшінші орынды Жұлдызай Нуранова иеленді.

Ер балалар арасында Дмитрий Власов чемпион болды. Екінші дәрежелі дипломмен Дәурен Әсетов марапатталды. Мәре сызығына үшінші боп Роман Пеньков жетті.

Сондай-ақ, жарысқа қатысып, ат салысқан мектеп оқушылары мен Қарғалы селолық округі ардагерлері де марапатталды.

Басқа жаңалықтар

6 Comments

  1. Ақтөбеде неге шаңғы спорты жақсы дамымаған? Ақтөбелік шаңғышылар туралы ештеңе естімедім бүгінге дейін. Мүмкін «ақтөбелік» журналистер осы тақырыптты зерттеп, жазып көрер?

  2. Әрине бұл тақырыптың маңызы өте зор. Айтар болсақ тек шаңғы емес,коньки,хоккей спорты да тұралап жатыр. Бізде тек әуесқойлар ғана. Шын кәсіби спортшы даярлай алмай отырмыз. Ақтөбеде мәнерлеп сырғанау кеңес кезінде жақсы дамыған. Бірақ ол спорт түрі қазір жоқ. Барлыңы кәсіби спортшы дайындау емес, тек атақ пен ақаны көздейді. Бізде база бар. Сол себепті күш жұмсау керек. Тек жарысты өткіздік деп санауға болмайды. Шаңғының түрлері бар. Сол арұылы дайындау ұажет. Ал ұысұы спорт түрінен Олимпиада баұ сынаған спортшы бар ма?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button