Басты жаңалықтар

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке — Металлургтер күнімен құттықтаймын!

Қай кезеңде болмасын металлургия саласы мемлекеттің қуатын арттыруда маңызды орын алып келген болса, бүгінде де еліміздің индустрия саласында қозғаушы күш болып табылады.

Бұл сала қызметі ауыр әрі құрметті, ал осы маман иелері батылдық, жанқиярлық және жоғары кәсіби біліктілікті меңгерген қасиет иесі ретінде бейнеленеді. Соның жарқын бір дәлелі мартен пешінің қызуынан өмірлік бастауын алған  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірегей тұлғасы болып табылады.

Біздің өңірдегі металлургия кешенінің кәсіпорындарында жаңа технология мен техникалық қайта жарақтандыруды белсенді енгізіп, өндірістің көлемін ұлғайтуға қабілетті жоғары кәсіби мамандар еңбек етеді. Металлургия кәсіпорындарының тиімді жұмысының нәтижесі Ақтөбе облысының экономикалық дамуына,  жерлестеріміздің өмір сүру деңгейін арттыруға үлкен үлесін қосады.

Қымбатты металлургтер!

Бүгінгі мереке күні біздің тау-кен, металлургия кәсіпорындарының болашағы зор деген сенімімді білдіргім келеді. Сондықтан, осы мереке қарсаңында кен қазып, меттал балқытып, цех тұрғызып, өндірісті меңгеріп және өркендетіп отырған барлығыңызға алғысымды білдіремін.

Ізгі ниетіммен зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Бәріміздің Отанымыз — Қазақстанның кемел келешегі үшін еңбекте жаңа табыстар мен жеңістерге жете беріңіздер!

Облыс әкімі   Елеусін Сағындықов.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button