Басты жаңалықтар

41-разъезд бен Лесное мекені — әкім назарында

Теміржол бойындағы 41-разъезд ауданында орналасқан Қобыланды батыр көшесіндегі жаңа құрылыстар тұрғындары Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесу белгіленген мерзімнен әлдеқайда ерте жиналды. Құрметті ақсақалдар, орта жастағы адамдар мен жастар Ақтөбе маңында орналасқан аудандардың қалай дамитындығы туралы қала басшысының өз аузынан естігісі келді. Соңғы жылдарда қарқынды жүргізілген жеке тұрғын үй құрылысы бұрынғы сауда-қоймасы аймағын біртіндеп қаланың тұрғын ауданына айналдыруда.

Архимед Мұхамбетов тұрғындарды осы жылғы алда тұрған жолдарды асфальттау жөніндегі жұмыстар жөнінен хабардар етті. Осы мақсатқа жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бюджеттен 27 млн.теңге бөлінеді. 29 шілдеде тендер өткізу жоспарланды.

Сонымен қатар, қала әкімі арнайы комиссияға көшедегі көлік қозғалысын ұйымдастыру мәселесін талқылауға және ұсыныс жасауға тапсырма берді.

Электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету де жергілікті тұрғындарды толғандыратын маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Көптеген осындай тұрғын массивтердегі сияқты мұндағы үйлер де теміржол көлігі кәсіпорнына жататын ведомстволық аралық станцияға қосылған. Әрине, бүгінде оның қуаты жетпейді. Электр желілерін қайта жарақтандыру үшін кемінде 3 млн.теңге қажет, қала әкімі көмек көрсету мүмкіндігін қарауға және теміржолшылармен бірлесіп осы проблеманы шешуге уәде берді.

Су құбыры құрылысы мәселесі бойынша әкім ағымдағы жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленетінін, құрылыс жұмыстарын 2012 жылы орындау жоспарланғанын хабарлады. Сондай-ақ жиылыс барысында тұрғындардан түскен мәселелер бойынша да бірқатар тапсырмалар берілді.

Сонан соң А. Мұхамбетов Лесное елдімекенінің тұрғындарымен кездесті.

Лесное ауылы облыс орталығынан қашық емес, ол Сазды селолық округі аумағында орналасқан. Сазды селосының қашық болуын, сол сияқты газбен жабдықтау, үздіксіз электрмен қамтамасыз ету, жолдар, көпірлер, медициналық пункт түріндегі және т.с.с. өркениет игілігі жоқтығын тұрғындар қала әкімінің және селолық округ әкімінің есепті кездесулерінде бірнеше мәрте көтерді.

Шынында да, елдімекен шағын, мұнда бар болғаны 220 адам тұрады, бірақ келешегі бар, соңғы жылдары облыс аудандарының бұрынғы тұрғындары белсенді түрде осында қоныстануда. Аумақтың дамуына Богословка тас жолында бірқатар ірі базарлардың, соның ішінде, автомобиль және мал базарының орналасуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы ықпал етті.

Қала әкімі өткен жылы селолықтармен талқылаған бірқатар мәселелерді шешу туралы хабардар етті.

А. Мұхамбетов айтқандай, Лесное ауылы ағымдағы жылы газдандыру жөніндегі жұмыстар жоспарланған 20 елдімекеннің қатарына кірді. Мұндағы газ құбырының құрылысына бюджеттен 55,6 млн.теңге бөлінді. Мердігерлік ұйым «Саят жолы» ЖШС жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес жүргізеді.

Электр желілері құрылысына бюджеттен 119 млн.теңге бөлінді және «Тимакс электро» ЖШС жұмыстарға кірісіп те кетті. Жаңа желілер құрылысы ескі уақытша және иесіз желілерді алмастыруға және мекенді электрмен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қала әкімі тұрғындарды құжаттарды уақытылы рәсімдеу және әрбір үйде дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы ескертті.

 

Д. НҰРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button