Басты жаңалықтар

Біз осылай тойладық!

Астана күні мерекесі облыстың түкпір-түкпірінде, аудандарда, облыс орталығында жоғары деңгейде аталып өтілді. Ақтөбеде мерекелік бағдарламаның негізгі бөлімі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті.

Қаланың бірнеше жерінде «Астана – Қазақстанның бәйтерегі» деген атпен өткен мерекелік іс-шаралар, концерттік бағдарламалар, балалар ойын алаңдары, спорттық жарыстар аталған саябақта да таңнан кешке дейін жалғасты. Қаламыздағы барлық шығармашылық ұжым мерекеге өнерден шашу алып келіпті. «Искорки» би тобы мен «Арлекино» қуыршақ театрының«Арайлы Астана», «Наурыз» тобы мен «Әлия гүлі» би ансамбльдерінің «Еңсесі биік Елорда» мерекелік бағдарламалары, «Мы Вас любим» клоунада театры мен «Жалын» халық би ансамблінің, этно-мәдени орталықтардың «Астана — достықтың мекені» және Орынбор қаласының «Раздолье» ән-би ансамблінің қойылымдары тұрғындардың көңілінен шықты.

Балалар жағы «Ертеңі ертегідей Елорда» атты байқауда асфальтқа сурет салып, бақтарын сынады. Ересектеулері «Спорт – қазақстандықтардың таңдауы» атты спорттық жарыстарға қатысты.

Осындай түрлі мерекелік іс-шаралар қаламыздың барлық аудандарында, «Мега-Ақтөбе» орталығы, Пушкин атындағы саябақ, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, көркем сурет және сәндік-қолданбалы өнер мұражайы, Достық Үйі, стадион алаңы, қалалық мәдениет Үйі, «Ретро» саябағы, «Бірлік пен келісім» сулы-жасыл гүлзары, т.б. жерлерде де өткізілді. Әсіресе, қала көшелері мен даңғылдары бойымен мотоциклшілер колоннасының өтуі ерекше әсер қалдырды.

Ал «Еңселі ел, мерекеңмен!», «Поздравляем страна!» деген жазулары бар құттықтау ашық хаттарын тарату акциясы мерекенің бояуын қалыңдата түскендей.

Тұрғындар мен қала қонақтары түрлі мәдени ойын-сауық бағдарламаларын тамашалап, байқауларға, жарыстарға қатысты.

М.САТАЕВА.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button