Жаңалықтар

Ақтөбе облысында сұйытылған мұнай газының тапшылығы байқалмайды

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының деректері бойынша, өңір аумағында 3 сұйытылған мұнай газын өндіруші зауыт жұмыс істейді: «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Gas Processing Company» ЖШС.

ҚР Энергетика министрлігі Ақтөбе облысына ағымдағы жылдың маусым айында 12 013 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді.

Өндіруші зауыттардың жөнелту кестесіне сәйкес, көзделген 12 013 тоннадан бүгінгі күні 2 858 тонна немесе жалпы көлемнің 24% жіберілді.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша маусым айына қосымша 1 500 тонна бөлу жоспарлануда.

Бұл ретте өңірде 9 155 тонна сұйытылған мұнай газының қоры бар.

Қазіргі уақытта өңірде сұйытылған мұнай газының тапшылығы байқалмайды

Бұл мәселе облыс әкімінің тұрақты бақылауында.

Н.ДАБЫЛ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button